Сенбі, Сәуір 27, 2024
8.5 C
Kokshetau
2 C
Nur-Sultan
8 C
Almaty
ЖаңалықтарAMANATБиыл ақмолалық жастарға 260 мемлекеттік грант беру жоспарланған

Биыл ақмолалық жастарға 260 мемлекеттік грант беру жоспарланған

Президент Жолдауында жастарды қолдау мәселесі назардан тыс қалған жоқ. Жастардың жұмыспен қамтылып, кәсіп ашамын дейтіндер үшін жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5% болатын шағын несие беріледі. Жастарды жұмыспен қамту және қолдау Ақмола облысында қалай жүзеге асырылуда?

Міне, осы мәселе «AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалы жанындағы жастарды қолдау бойынша қоғамдық кеңес отырысында талқыланды. Жауапты орган өкілдерінің айтуынша, биыл облыс бойынша жастарға 260 мемлекеттік грант беру жоспарланған. Әзірге жылдық жоспар 35%-ға орындалып отыр. Осы ретте кеңес отырысына қатысқан жастар мәліметтер базасына қатысты түйткілді мәселелерді көтерді. Яғни, мәліметтер базасының республика көлеміндегі барлық үміткерлерге бірдей ашық болуы – оның тиісті деңгейде жұмыс істемеуіне алып келеді. Соның салдарынан, ұтымды жобаларды бір ай бойы еңбектеніп дайындаған үміткерлер өз мәліметтерін енгізе алмай, байқаудан құр қалып жататын көрінеді.

«Бұл әрине, өте өкінішті жағдай. Мемлекет Басшысының өзі ақпараттық технология дамыған заманда мемлекеттік цифрлық қызметтер кез-келген қарапайым адамға түсінікті және қолжетімді болуы тиіс екенін жеткізген болатын. Ендеше, неге бұл жүйені де оңтайластырмасқа?!»,-деген «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының атқарушы хатшысы Айна Мысырәлімова, бұл ретте мемлекеттік орган өкілдеріне «әр өңірге жеке күн белгіленсе» деген жастар ұсынысын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жеткізу керектігін айтты. Одан қалды өңір бойынша кәсіпкерлікті дамытуға бөлінетін гранттардың да жастарға көбірек үлестірілуі сөз болды.

Мәселен, 2022 жылы Ақмола облысына республикалық бюджеттен 39 млн.теңге және облыстық бюджеттен 100 млн.теңге көлемінде 31 адамға грант бөлінген болса, оның тек 9 грантын жастар иеленген. Бұл өте аз екені айқын. Әсіресе, Көкшетау сияқты жастар көп шоғырланған қалаларда жастардың жеке іспен шұғылдануына жол берілуі керек делінді кеңес отырысына қатысушылар. Осы жерде жастарға гранттарды бөлуге барлық ауданның бірдей қатыспайтыны да анықталып отыр.

Мәселен, облыстың 5 ауданында, атап айтсақ, Ақкөл, Аршалы, Бұланды, Егіндікөл аудандары мен Қосшы қаласы бойынша бірде-бір жасқа грант берілмеген. Бұл біріншіден, жастар арасындағы ақпараттық-насихат жұмысының төмендігін көрсетеді,-деді өз сөзінде Айна Мысырәлімова.

«Бүгінде жұмыссыз жүрген жастар түгілі кейбір мемлекеттік орган өкілдерінің өзі жастарды жұмыспен қамту бағытындағы бағдарламалар туралы біле қоймайды. Сондықтан, жастар арасында ақпараттық-насихат жұмысын күшейту керек және бұл жұмыспен тек қана жұмыспен қамту орталықтарының мамандары ғана еме айналысып қоймай, жастарды тарту керек. Яғни, қандай да бір бағдарлама бойынша жұмыспен қамтылған жас әлеуметтік желідегі өзінің парақшасына сол туралы ақпарат беріп, жастарды қызықтыру керек». Кеңес отырысында сондай-ақ, бүгінгі уақытқа дейін NEET санатындағы жастарды анықтау мәселесін нақты ешкімнің қолға алмағаны анықталды. Тіпті, бұл бағыттағы жұмыс алгоритмі де жоқ болып шықты.

«Аудан-ауылдарда бұл іспен жұмыспен қамту орталықтарының мамандары айналысса, ірі қалаларда үй-үйді аралап, жұмыссыз жастарды анықтау ісі кенже қалуда. Сол себепті, әсіресе Көкшетау мен Щучинск сияқты ірі қалаларда NEET санатындағы жастардың нақты саны әлі де нақтыланбай отыр», – деді өз сөзінде ішкі саясат басқармасы жетекшісінің орынбасары Сабырхан Кенжебаев.

Отырыстың қорытындысы бойынша, мемлекеттік орган өкілдеріне NEET санатындағы жастармен жұмысты күшейту, талдау және мониторинг жүргізу бойынша бірқатар кеңестер берілді. Одан қалды кәсіпкерлікке тартылған жастармен де жұмысты күшейту қажеттігі айтылды. Яғни, бүгінде грантты игергендердің көбі жеке ісін әрі қарай жалғастырып, табыс табудың орнына кәсібін тоқтатып тастайтын көрінеді. Сондықтан бір жылдық жобаларды қаржыландырудан гөрі, жоспары айқын, жобасы өміршең жастарға қолдау көрсету қажет,- делінді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...