Жексенбі, Мамыр 19, 2024
17.5 C
Kokshetau
19 C
Nur-Sultan
16 C
Almaty
ЖаңалықтарОқиғаТөтенше жағдайБурабайда жазғы дәмхана өртке оранды

Бурабайда жазғы дәмхана өртке оранды

Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылдың 5-ші шілдесінде сағат 03:09-да Бурабай кентіндегі жазғы дәмханада өрт шыққандығы туралы хабарланды.

Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 38 адам және 10 өрт сөндіру техникасы, «Бурабай» МҰТП 2 қызметкер және 2 техника жұмылдырылды.

«Сағат 04:13 өрт оқшауланып, 05:04 толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр», – деді ведомстводан.

Осы ретте, Ақмола облысының ТЖД қызметкерлері облыс тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды, сондай-ақ,  өрт бола қалған жағдайда дереу «101» және «112» телефон нөмірлеріне хабарлап айтуды сұрайды.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...