spot_img
spot_img
8.2 C
Kokshetau
ЖаңалықтарҚоғамСпортКөкшетауда бокстан өткен халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды

Көкшетауда бокстан өткен халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды

-Жарнама -spot_img

Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше,  Көкшетауда 2001-2002 жылдары туған жастар арасында КСРО-ның спорт шебері Асқар Сатыбаевты еске алуға арналған бокстан 12-ші Халықаралық турнир аяқталды.

Шаршы алаңға Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген 100-ге жуық былғары қолғап шеберлері шығып, жанкүйерлерін қуантты.

Ақмола облысының спортшылары түрлі дәрежедегі тоғыз марапатқа ие болды.

Шыңғыс Мусинов (60 кг), Рақымжан Әли (63,5 кг), Қайратов Арман (67 кг), Виктор Литвинов (75 кг) және Батырхан Сейтенов (86 кг) чемпион атанды. Екінші орынды Битуған Ерсұлтан (57 кг), Мағжан Әлімов (60 кг) және Валерий Грызлов (80 кг) иеленді. Жүлделі үшінші орынан Рәшид Дәулетбаев (57 кг), Богдан Колодзинский (67 кг) және Марат Сауытбаев (+92 кг) көрінді .

Сондай – ақ жерлестеріміздің арасында Шыңғыс Мусинов «Үздік боксшы», Мағжан Әлімов «Жеңіске деген жігері үшін» және Битуған Ерсұлтан «Көрермендер көзайымы жүлдесі» аталымы бойынша марапатталды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img