Сәрсенбі, Мамыр 22, 2024
11.7 C
Kokshetau
11 C
Nur-Sultan
17 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамТұлғаКөкшетауда соғыс және ішкі істер органдарының ардагері Илья Марченконың құрметіне мемориалдық тақта...

Көкшетауда соғыс және ішкі істер органдарының ардагері Илья Марченконың құрметіне мемориалдық тақта орнатылды

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Марченко Илья Тимофеевич 1925 жылы Володаровское ауылында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. Илья Тимофеевич майданға 1943 жылы, 10 сыныпты аяқтағаннан кейін бірден өз еркімен кеткен.

Алғашқы әскери дайындықты Ташкент қаласындағы пулемет-миномет училищесінде өтіп, сол жылдың тамыз айында соғыстың қызыған шағында  майданға жіберілген: 3-ші Украина майданының 92-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы 282-ші атқыштар полкі миномет есебінің командирі. Днепрді алу 18 жасар Илья Марченконың өміріндегі алғашқы жекпе-жек болды, мұнда ол әскери жарақат алды.

Госпитальдан кейін болашақ милиция полковнигі өз бөлімшесіне оралып, 37-ші жеке армия құрамында полктестермен бірге Болгарияға дейін жетіп, Бургас қаласында жеңісті қарсы алды. Соғыстан кейін Илья Тимофеевич қылмыскерлермен күресу үшін Батыс Украина аумағына жіберілді және тек 1950 жылы туған Көкшетау жеріне оралып, құқық қорғау органдарының қатарына қосылды.

Органдардағы қызметін Красноармейск ауданы Чермошняк арнайы комендатурасы комендантының көмекшісі болып бастады, ІІБ паспорттық–тіркеу бөлімінің инспекторы, ҚІІБ кезекші бөлімінің аға инспекторы, аға инспектор, кейін Көкшетау қ. СМҰКБ (ОБХСС) бастығы болып жұмыс істеді. 1968 жылы Илья Тимофеевич Көкшетау облысы ІІБ жанындағы ведомстводан тыс күзетті басқарды, онда 1983 жылға дейін жұмыс істеді. 2021 жылдың сәуірінде Ұлы Жеңіс мерекесіне бірнеше апта қалғанда өмірден озды.

Мемориалдық тақтаны ардагердің қызы Раиса Ильинична және Көкшетау қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Әлиевке ашты.

Митинг соңында жиналғандар қонақтар, ардагерлер, Илья Тимофеевичтің туыстары мен әріптестері гүл шоқтарын қойды, мамандандырылған күзет қызметі басқармасының істегі қызметкерлері мерекелік сап түзеді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды

Көкшетауда «Chia Tai Tianging» қаржы пирамидасын құрған және басқарған қала тұрғынына қатысты үкім шықты. «Н» азаматшасы жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция саламыз деген сылтаумен жеке тұлғалардан...

Жоғалған 15 жасар ақмолалық жасөспірім аман табылды

Биылғы жылдың 20 мамырында Целиноград АПБ кезекші бөліміне кәмелетке толмаған қызын іздеуге жәрдемдесу туралы өтінішпен аудан тұрғыны жүгінді. Әйел 19 мамырда таңғы сағат 10.00 шамасында,...

Иран президенті Ибрахим Раиси тікұшақ апатынан қаза тапты

2024 жылдың 19 мамырында Шығыс Әзербайжанның Варзакан аймағындағы Тебриз қаласына ұшып бара жатқан Иран Ислам Республикасының сегізінші президенті Аятолла Сейед Ибрахим Раиси мінген тікұшақ...

Ақмола облысының прокуроры тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі негізінде Бас Прокурордың 2024 жылғы 17 мамырдағы бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Руфат Бауыржанұлы Құттықов Ақмола облысының прокуроры лауазымына тағайындалды. Руфат Бауыржанұлы еңбек...

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...