Сәрсенбі, Мамыр 1, 2024
-0.4 C
Kokshetau
-0 C
Nur-Sultan
11 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамБілім көкжиегіКөкшетауда Ахмет Байтұрсынұлына арналған халықаралық конференция өтті

Көкшетауда Ахмет Байтұрсынұлына арналған халықаралық конференция өтті

Кеше облыс орталығының Болашақ сарайында ұлт ұстазының 150 жылдығына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы мұрасы – әлемдік руханият кеңістігінде» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтті, деп хабарлайды Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасынан.

Алқалы жиынға Ақмола облысының әкімдігі мен Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті мұрындық болды.

Конференция Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың кіріспе сөзімен басталды.

«Тәуелсіздік есімін айтуға да мүмкіндік бермеген ұлы тұлғаларымызбен қайта қауыштырды. Мемлекет Басшысының Жарлығына сәйкес биыл баршамыз «Алаш» қозғалысының қайраткері, тіл білімінің атасы – Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойын жалпыұлттық деңгейде атап өтудеміз. Бүгінгі конференция еліміз үшін абыройлы, жас ұрпақ үшін тәлімдік маңызы зор шаралардың бастауы болмақ», – деді өңір әкімі.

Сонымен қатар, облысымызда Ахмет Байтұрсынұлының және «Алаш» қозғалысының басқа да қайраткерлерінің шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатында түрлі форматтағы мәдени шаралар топтамасы өткізілуде.

Еліміздің өңірлерінен, сондай-ақ Түркия мен Өзбекстаннан қатысқан ғалымдар мен зерттеушілер Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын талқылап қана қоймай, өздерінің ғылыми ізденістерінің жемістерімен бөлісті. Олардың көпшілігі ақын мен ғалымның мерейтойына орай оның өмірі мен шығармашылығынан бұрын зерттелмеген беттерді аша алды.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Ақмола облысында бір мектеп пен 22 көшеге Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілген. Биыл Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжіне, Біржан сал, Жақсы аудандарының екі орта мектебіне, аудан орталықтары мен ауылдарының көшелеріне ғалымның есімі берілетін болады.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін кәсіпкерге ғимаратын кеңейту үшін қосымша жер телімі берілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді. Осылайша, кәсіпкер С.  Көкшетау қаласының әкімдігіне...

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....