Жұма, Мамыр 17, 2024
15.2 C
Kokshetau
14 C
Nur-Sultan
18 C
Almaty
ЖаңалықтарМаңыздыҮкіметте G4 City жобасын жүзеге асыру тетіктері талқыланды

Үкіметте G4 City жобасын жүзеге асыру тетіктері талқыланды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың төрағалығымен, мемлекеттік органдар мен ұйым өкілдерінің қатысуымен өткен кеңесте G4 City жобасын одан әрі іске асыру мәселесі талқыланды.

Бұл туралы ҚазАқпарат Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Астана» халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі» АҚ атқарушы директоры Нұрлан Тойымбек G4 City жобасы үшін қызметтің қажетті салалардағы қатынастарды реттейтін өзіндік актілердің белгілі бір санын әзірлеу қажет болатынын айтты. Бұл ретте жоспарлау сатысында G4 City актілерімен реттелетін салаларды алдын ала анықтау маңызды. Қалғандары ҚР заңнамасымен реттеледі.

Сондай-ақ Н. Тойымбек Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін халықты жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті орган белгілеген және бөлетін квота шегінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары беретін рұқсаттар негізінде жұмыс берушілер тартатынын атап өтті. ШЖК-ны тарту мәселелерін реттейтін негізгі нормалар «Халықты жұмыспен қамту туралы» және «Халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңдарында қарастырылған. Бұл ретте жекелеген рәсімдер заңға тәуелді бірқатар актімен реттеледі.

G4 City жобасын жүзеге асырудағы негізгі мақсат – қоғамның әлеуметтік құрылымын сапалы өзгерту, дені сау, белсенді, білімді азаматтардың жаңа буынын қалыптастыру. Бұл ең алдымен халықтың өмір сүру сапасын едәуір арттыру, елдегі демографиялық жағдайды жақсарту, адами капиталдың және еліміздің серпінді дамуына жағдай жасау.

G4 City қаласы Жаңа Жібек жолының бойында орналасқан жаңа экономикалық және жаһандық туристік орталыққа айналады деп күтілуде. Дамудың ауқымды перспективаларын ескере отырып, G4 City 2,2 млн-нан астам тұрғыны бар интеграцияланған қала ретінде дамып, G4 City 2050 жылға қарай 1,1 млн-нан астам жұмыс орнын қамтамасыз етеді деген болжам бар.

Кеңес қорытындысы бойынша Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тиісті бірқатар тапсырма берді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...