23.2 C
Kokshetau

Наш WhatsApp: +7 (775)-522-54-11

Saturday, August 13, 2022
23.2 C
Kokshetau

Электронная почта: koksheinform@mail.ru

|

Whats App: +7 (775) 522 54 11

ДомойҚАЗАҚСТАН1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні

2011 жылдың желтоқсан айының 10-шы жұлдызында Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға толықтырулар мен өзгерістер енгізу арқылы 1 желтоқсанды Тұңғыш Президент күні есебінде белгілеп, бұл күн мемлекеттік мерекелер санатына енгізілген болатын.
Көне тарихтың әлмисақтан бергі қағидаларына саяр болсақ, тіршілік жаралғаннан кейінгі бар оқиғалардың басында тұлғалар тұрған. Ал енді қазақ елінің ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздігін және соған жету жолында бірнеше ғасырдың жүздеген жылдарының қасіреті мен зобалаңын, тар жол, тайғақ кешуін басынан өткерген халықтың тағдырын анықтап, тұтас бір елдің, тұтас бір халықтың сол тәуелсіздігін өзі жариялап, сол тәуелсіздіктің көк байрағын өз қолымен тұңғыш көтерген Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еді!

Біз күшті президенттік мемлекет құру таңдауын өте дұрыс жасағанымызды ел тәуелсіздігінің әр жылдарының әр кезеңдерінде айқын сезініп келе жатырмыз. Бұл еліміздің әлемдік дағдарыстардың ең бір ауыр да сындарлы кезеңдерінде тұрақты дамуын қамтамасыз етуге зор ықпалын тигізді, әлі де тигізіп келе жатыр.

Қазақстандағы президенттік билік жүйесі 1990 жылғы 24 сәуірде енгізілді де, 1991 жылғы 1 желтоқсанда тұңғыш рет президент сайлауы өткізілді. Сөйтіп, біз барша қазақстандықтар өз президентімізді өзіміз сайлап алу құқымызды тұңғыш рет жүзеге асырдық та, еліміздің демократиялық қағидаларға берік екендігін әлем алдында тағы да бір көрсетіп берген едік.

1 желтоқсан – тұңғыш президент сайлауында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың барша қазақстандықтардың зор сеніміне ие болған күні. Тұтас ел мен халықтың сеніміне ие болу арқылы Елбасы өзіне жүктелген бар жауапкершілікті айқын сезіне отырып, өз елі мен халқының тағдырын анықтауда өзінің перзенттік те, президенттік те борышын адал атқара білді.

Жарнамаspot_imgspot_imgspot_imgspot_img

Популярные Новости