Бейсенбі, Мамыр 2, 2024
6.1 C
Kokshetau
8 C
Nur-Sultan
5 C
Almaty
ЖаңалықтарОқиғаАқмола облысында қар құрсауынан алты адам құтқарылды

Ақмола облысында қар құрсауынан алты адам құтқарылды

Целиноград ауданы Ақмол ауылында қар құрсауынан алты адам, оның ішінде 3 бала құтқарылды, – деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Өткен демалыс күндері қатты желдің салдарынан қалың қар жауу нәтижесінде Мортық ауылының бағыты бойынша Жаңаесіл ауылынан 4 шақырым жерде «Volkswagen Polo» маркалы жеңіл автокөлігі қар құрсауында қалып қалған болатын. Автокөліктегі адам саны 6, оның ішінде 3 бала. ТЖД қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында аталған азаматтар Мортық ауылына эвакуацияланды.

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті мұндай жағдайлардың алдын алу үшін дауылды ескерту алған кезде алыс жолға барудан және елді мекендерден ұзап кетпеу керектігін хабарлайды. Егер сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз, онда сізге машинаның авариялық сигналдарын қосу және «112» құтқару қызметіне дереу хабарлау қажет.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын...

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін кәсіпкерге ғимаратын кеңейту үшін қосымша жер телімі берілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді. Осылайша, кәсіпкер С.  Көкшетау қаласының әкімдігіне...

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...