Жұма, Сәуір 26, 2024
10.2 C
Kokshetau
7 C
Nur-Sultan
7 C
Almaty
ЖаңалықтарМаңыздыАқмола облысында парасаттылық туралы суреттер конкурсы өтті

Ақмола облысында парасаттылық туралы суреттер конкурсы өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру аясында Ақмола облысының жалпы білім беретін оқу орындарының орта сынып оқушылары арасында «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» тақырыбында жас суретшілер байқауы өтті.

Конкурстың мақсаты өскелең ұрпақ арасында парасаттылық қағидаттарын, жалпыға ортақ еңбек идеясын түсінуді, адалдық пен сатылмаушылықты насихаттау болып табылады.

250-ге жуық жас суретші өз суреттерінде сыбайлас жемқорлыққа теріс көзқарасын, сондай-ақ адал және парасатты өмір салтын ұстанатынын білдірді.

Конкурстың қорытындыларын шығару келесі жеңімпаздарды анықтады:

І орынды Бұланды ауданы Макинск қаласының Мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Карина Мельникова;

ІІ орын – Атбасар ауданы Атбасар қаласының № 3 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Алина Кыдырмина;

ІІІ орын-Жақсы ауданы Перекатный орта мектебінің 7 сынып оқушысы Инга Витт иеленді.

Сондай-ақ, Ақкөл, Жақсы, Бурабай, Зеренді, Шортанды, Аршалы аудандары мен Степногорск және Көкшетау қалаларының оқушыларына алғыс жарияланды.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...