Сенбі, Мамыр 4, 2024
6.9 C
Kokshetau
10 C
Nur-Sultan
14 C
Almaty
ЖаңалықтарОқиғаАқмола облысында өрттен үш адам көз жұмды

Ақмола облысында өрттен үш адам көз жұмды

Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің  мәліметінше, өрт 1-ші наурыз күні Бұланды ауданының Купчанов ауылында орын алған. Тілсіз жау 81 шаршы метр аумақты шарпыды.

“Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 11 адам мен 3 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт сөндіру барысында үй ішінен 1976-1987 жылғы екі әйел мен 1994 жылғы ер адамның мәйіті табылды. Бір адам терезені сындырып шығып аман қалған”, – деді ведомстводан.

Алдын ала ақпарат бойынша, үй иесі, 1976 жылы туған әйел отбасылық мерекеде, достарының арасында ұлының кәмелетке жасқа толғанын атап өтпек болған. Кейін орын алған өрт кезінде келген қонақтар үй иесімен бірге қаза тапқан.

“Өрт туралы хабардың кеш түсуінен оның тез таралуына әкелді, Бірнеше минут ішінде үй толығымен отқа оранды”, – деді Ақмола облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Думан Дәлешов.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау институты мемлекеттік органдар үшін «өзін-өзі тазартудың» пәрменді құралына айналуы тиіс – Антикор

Ақмола облысы әкімдігінің алаңында жергілікті атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары жария талқыланды. Кеңес барысында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары...

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын...

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін кәсіпкерге ғимаратын кеңейту үшін қосымша жер телімі берілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді. Осылайша, кәсіпкер С.  Көкшетау қаласының әкімдігіне...

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...