Сенбі, Сәуір 27, 2024
8.5 C
Kokshetau
2 C
Nur-Sultan
8 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамМәдениет«Ақмола жұлдыздары» аудандық халық шығармашылығы байқауының гала-концерті өтті

«Ақмола жұлдыздары» аудандық халық шығармашылығы байқауының гала-концерті өтті

Бурабай ауданында Оқжетпес ауылының мәдениет үйінде «Балауса балғын-таланттар!» ұранымен «Ақмола жұлдыздары» аудандық халық шығармашылығы байқауының гала-концерті өтті.

2022 жылы «Ақмола жұлдыздары» халық шығармашылығы байқауына Щучинск қаласы Бурабай кентінің 9 ауылдық округінен 2345 тұрғын қатысты. Ауданда 899 адамды құрайтын 61 клубтық құрылым жұмыс істейді.

Бурабай ауданының үздік ұжымдары және солистерінің қатысуымен гала-концерт бағдарламасында Нұрлыбек Байшұнгұлов – «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісінің иегері, «Көкше әуендері» АМҮ халық фольклорлық ансамблі,  «Гаухартас» халық би ансамблі, «Вива Дэнс» үлгілі би ұжым,»Жұмбақтас» костюм театры, Оқжетпес ауылының «Оқжетпес сазы» домбырашылар ансамблі, «Арман» БЖШО-ның «Беркімбай сазы» домбырашылар ансамблі, «Шабыт» вокалдық квартеті, балалар өнер мектебінің  біріккен  балалар хоры, №9  мектеп гимназиясының  «Көкше толқындары» фольклорлық ансамблі,   Қатаркөл ауылының «Гармония» хоры, әскери колледж кадеттерінің хоры, «Балагуры» вокалдық тобы, «Задоринка» және «Звездочки» қасықшылар ансамблі, «Жігер» ерлер вокалдық тобы, жоғары педагогикалық колледждің «Інжу» би тобы, Щучинск қаласының «Гиккай» вокалдық триосы, жоғары техникалық колледждің «Серпін» вокалдық триосы, «Арман» БЖШО-ның «Роммакс» би ұжымы,  солистер- Виктор Антонович, Өмірзақ Құрбанов, Айым Жақыпова, Сымбат Жетпісбай, Игорь Задорожный, Тимофей Исаков өнер көрсетті.

«Ақмола жұлдыздары» байқауы  келесідей жаңа есімдерді ашты: Зеленый бор ауылының «Жаңа толқын» балалар вокалдық студиясы, «Илигай» шулы аспаптар оркестрі, «Серпін» вокалдық триосы, «Гиккай» вокалдық триосы,  «Жігер» ерлер вокалдық тобы, «Звездочка» балалар қасықшылар ансамблі, «Балдәурен», «Інжу» би топтары, «Кристина» костюмдер театры, «Жастар дауысы» жастар театр үйірмесі, солистер Ерсұлтан Ақынбай, Қажымұрат Әсия, Мұхаметқалиева Лунара, Жандос Тұрмантай.Бурабай ауданының гала-концертіне барлығы 600  жуық өнерпаздар қатысты.

«Ұлттық өнер – жастарға аманат»- халық шығармашылығы бағыттары бойынша көрме-демонстрациясына   «Қол өнері», «Күй өнері»,  «Шешендік өнері». «Жастар дауысы» жастар театры,»Балбұлақ» домбырашылар ансамблі, Лиза Байтөре, «Жас дарын» әдеби-поэзиялық клубының қатысушылары Кәусар Сейтімхан, Орынбек Әлімжанов, Щучинск қаласынан  Алтынбек Сүлеев, Атамекен ауылынан Мұса Ұлас,  Тілеухан Еңлік, Төленді Халит, Амангелді Гүлімжан және Щучинск қаласының № 7 мектеп-лицейінің оқушылары қатысты.

Сонымен қатар,сәндік-қолданбалы және бейнелеу өнер көрмесінде 120 халық сәндік-қолданбалы және бейнелеу өнерінің шебері өз өнерін, соның ішінде «жүн кескіндемесі», кинусайга (матадан жасалған суреттер), аралас техникадағы кескіндеме: заманауи кескіндемесі (кенеп, темпера), сәндік кескіндемесі (кенеп, линер), иллюстрация (кескіндеме, гуашь), инемен кілем тоқу және т. б. жұмыстарын ұсынды.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...