Четверг, 13 марта, 2025
ЖаңалықтарОқиғаАқмолалық 43 шенеунік сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін жауапқа тартылды

Ақмолалық 43 шенеунік сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін жауапқа тартылды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Тартылған 43 адамның 5-і облыстық деңгейдегі, 5-і қалалық және 6-ы аудандық деңгейдегі басшылар. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аумақтық департаментінің басшысы Арман Рахимов 2021 жылдың 10 айындағы жұмыс қорытындысы бойынша онлайн-брифинг барысында мәлімдеді.

Спикердің ақпараты бойынша, есепті кезеңде өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 59 қылмыстық істі тіркеді, оның ішінде 42 — ауыр және аса ауыр қылмыстар.

Қылмыстың көп бөлігі ұрлық пен алаяқтық, сондай-ақ парақорлық фактілерімен байланысты. 21 адамға қатысты 36 іс сотқа жолданды.

Сондай-ақ, облыстың Антикоры жүйелі сыбайлас жемқорлықтың 6 фактісі анықтады, онда 14 қылмыс анықталып, 17 адам тартылды. Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары тарапынан ШОБ қызметіне заңсыз араласудың 8 фактісі, лауазымды тұлғалардың «көлеңкелі» экономика субъектілеріне қамқорлығының 3 фактісі анықталды. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруды сүйемелдеу аясында 14 қылмыс тіркелді.

Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша 1 млрд теңгеден астам сомаға залалды өтеу қамтамасыз етілді.

«Жалпы, өткен жылмен салыстырғанда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары төмендеуінің оң динамикасын атап өткім келеді, бұл үрдіс тек өңірде ғана емес, республика бойынша да байқалады. Бұл мемлекеттік басқару өкілдерінің де, сондай-ақ немқұрайлы емес азаматтардың да сыбайлас жемқорлықтың алдын алу аясындағы жұмысының нәтижесі», — деді спикер.
Тікелей эфирде өткен брифинг барысында Арман Рахимов.

Сонымен бірге,  ол мемлекеттік органдардың ҚР ҚПК 200-бабының тәртібінде ұсынулар енгізу арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың қайталанған жағдайларына жол бермеу шаралары туралы хабардар етті.

Атап айтқанда, а.ж. 10 айында облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 49 ұсыну енгізді. Мемлекеттік қызметкерлер мен түрлі ұйымдар қызметкерлерінің қатысуымен 28 кездесу өткізілді.

Жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша 41 лауазымды тұлға, оның ішінде 23 басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 7 лауазымды тұлға жұмысынан шығарылды мен атқаратын қызметінен босатылды. Жартысынан көбі сөгіс пен ескерту алды, 11 адамға қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескертілді.

Департамент басшысының айтуынша, ағымдағы жылдың басынан бері сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған 8 ақмолалық 980 мың теңге алды.

«Осы тұрғыда, азаматтарды белсенді азаматтық ұстаным танытуға және сыбайлас жемқорлықтың әрбір белгілі фактісі туралы Агенттіктің 1424 Call-орталығына немесе өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлауға шақырамын. Департамент өз тарапынан әрбір жағдай бойынша тиісті шаралар қабылданатынына сендіреді», — деді Арман Рахимов.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

ҚР МҚІА департаменті 1,5 миллиард теңгеге шаруа қожалығының құқығын қорғады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті бұрын ауыл шаруашылығын жүргізу үшін ауданы 2000 гектар жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзартудан бас...

ҚР МҚІА Департаментінің ұсынысы негізінде қызмет көрсетудің қолжетімділігі артты

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасы негізінде тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру нысанында талдау жүргізеді. Департамент Агенттікке «Жаппай саяси...

«Даладай дархан, дарабоз Сәбең» жылжымалы көрмесі

Биылғы жылы қазақ әдебиетінің классик жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстан ғылым академиясының академигі, М.Ғабдуллиннің жанашыр ағасы Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толып отыр. Мәлік Ғабдуллиннің Сәбит...

ҮЗДІК қоғамдық қабылдау бөлмелері анықталды!

Байқау қорытындысы бойынша Аршалы, Степногорск және Атбасар аумақтық партия филиалдары жеңімпаз атанды. «Үздік қоғамдық қабылдау» байқауы  партияның қоғамдық қабылдау жүйесін жетілдіру және халықпен жұмысты нығайту...

Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық науқанына қатысты

Ақмола облысының мемлекеттік қызметшілері еріктілер қозғалысы шеңберінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті ұйымдастырған «Игі істер марафонына» қатысып, мұқтаж жандарға...