Сенбі, Сәуір 27, 2024
12.2 C
Kokshetau
10 C
Nur-Sultan
9 C
Almaty
ЖаңалықтарОқиғаАқмолалық 43 шенеунік сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін жауапқа тартылды

Ақмолалық 43 шенеунік сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін жауапқа тартылды

Тартылған 43 адамның 5-і облыстық деңгейдегі, 5-і қалалық және 6-ы аудандық деңгейдегі басшылар. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аумақтық департаментінің басшысы Арман Рахимов 2021 жылдың 10 айындағы жұмыс қорытындысы бойынша онлайн-брифинг барысында мәлімдеді.

Спикердің ақпараты бойынша, есепті кезеңде өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 59 қылмыстық істі тіркеді, оның ішінде 42 – ауыр және аса ауыр қылмыстар.

Қылмыстың көп бөлігі ұрлық пен алаяқтық, сондай-ақ парақорлық фактілерімен байланысты. 21 адамға қатысты 36 іс сотқа жолданды.

Сондай-ақ, облыстың Антикоры жүйелі сыбайлас жемқорлықтың 6 фактісі анықтады, онда 14 қылмыс анықталып, 17 адам тартылды. Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары тарапынан ШОБ қызметіне заңсыз араласудың 8 фактісі, лауазымды тұлғалардың «көлеңкелі» экономика субъектілеріне қамқорлығының 3 фактісі анықталды. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруды сүйемелдеу аясында 14 қылмыс тіркелді.

Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша 1 млрд теңгеден астам сомаға залалды өтеу қамтамасыз етілді.

«Жалпы, өткен жылмен салыстырғанда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары төмендеуінің оң динамикасын атап өткім келеді, бұл үрдіс тек өңірде ғана емес, республика бойынша да байқалады. Бұл мемлекеттік басқару өкілдерінің де, сондай-ақ немқұрайлы емес азаматтардың да сыбайлас жемқорлықтың алдын алу аясындағы жұмысының нәтижесі», – деді спикер.
Тікелей эфирде өткен брифинг барысында Арман Рахимов.

Сонымен бірге,  ол мемлекеттік органдардың ҚР ҚПК 200-бабының тәртібінде ұсынулар енгізу арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың қайталанған жағдайларына жол бермеу шаралары туралы хабардар етті.

Атап айтқанда, а.ж. 10 айында облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 49 ұсыну енгізді. Мемлекеттік қызметкерлер мен түрлі ұйымдар қызметкерлерінің қатысуымен 28 кездесу өткізілді.

Жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша 41 лауазымды тұлға, оның ішінде 23 басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 7 лауазымды тұлға жұмысынан шығарылды мен атқаратын қызметінен босатылды. Жартысынан көбі сөгіс пен ескерту алды, 11 адамға қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескертілді.

Департамент басшысының айтуынша, ағымдағы жылдың басынан бері сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған 8 ақмолалық 980 мың теңге алды.

«Осы тұрғыда, азаматтарды белсенді азаматтық ұстаным танытуға және сыбайлас жемқорлықтың әрбір белгілі фактісі туралы Агенттіктің 1424 Call-орталығына немесе өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлауға шақырамын. Департамент өз тарапынан әрбір жағдай бойынша тиісті шаралар қабылданатынына сендіреді», – деді Арман Рахимов.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...