-17.3 C
Kokshetau

Наш WhatsApp: +7 (775)-522-54-11

Wednesday, November 30, 2022
-17.3 C
Kokshetau

Электронная почта: koksheinform@mail.ru

|

Whats App: +7 (775) 522 54 11

ДомойSAILAU-2021Белсенді кандидат - белсенді сайлау науқаны

Белсенді кандидат – белсенді сайлау науқаны

«Nur Otan» партиясының сайлауалды науқаны аясында аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың үгіт кездесулері жалғасуда. 18 желтоқсанда кандидат Әділет Казбекұлы Ахметов «Успеноюрьевка» БПҰ-мен кездесуі өтті.

Әділет – партия көзқарасымен бөлісетін, заманауи сын-тегеуріндермен қатар жүретін, болашағы зор жас кәсіпкер. «Мемлекет пен жұмыс беруші қызметкер үшін барлық қажетті жағдайларды жасауы тиіс, бұл еңбек тиімділігін және еңбек халқының әл-ауқатын арттырады» – деп атап өтті кездесу барысында Әділет Қазбекұлы.

Іс–шара қызу өттіп, кандидаттың сайлауалды бағдарламасы барлығын қызықтырды. Әлеуметтік қамсыздандыру, халықтың еңбек табысының өсуі сияқты мәселелер қатысушылардан келіп түсті.

Қатысушылар үміткерді қызығушылықпен тыңдады. Атап айтқанда, ол лайықты еңбекақы төлеумен қатар, жұмыс істейтін азаматтар үшін аса маңызды шарт болып табылатын жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы бөлімге тоқталды.

Сондай-ақ, А.К. Ахметов «АзияКотлоМаш» ЖШС Щучинск филиалының ұжымын сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

«Кәсіпкер ретінде маған жалақының төмен деңгейі, жұмыссыздық, еңбек жағдайларының стандарттарына сәйкес келмейтін проблемалар таныс, оларды жоюды өз мақсатым деп санаймын», – деді Ә.Ахметов.

Іс-шаралар «ҚР-дағы сайлау туралы» ҚР Заңына сәйкес өткізілді, барлығына одан әрі танысу үшін үгіт парақшалары таратылды. Кездесуге қатысушылар кездесу үшін алғыстарын білдірді, Әділет Ахметов барлық қатысушыларды «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды. Кездесу қорытындысы бойынша тыңдаушылар үміткерге қолдау білдірді.

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Бурабай ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Жарнамаspot_imgspot_imgspot_imgspot_img

Популярные Новости