24.2 C
Kokshetau

Наш WhatsApp: +7 (775)-522-54-11

Saturday, August 13, 2022
24.2 C
Kokshetau

Электронная почта: koksheinform@mail.ru

|

Whats App: +7 (775) 522 54 11

ДомойОқиғаКөкшетауда газ баллоны жарылып, 11 адам құтқарылды

Көкшетауда газ баллоны жарылып, 11 адам құтқарылды

Көкшетауда газ баллоны жарылып, 11 адам құтқарылды. Оның ішінде 6 бала ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, төтенше жағдай 20 желтоқсан 21:14 шамасында Васильковска шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде орын алған. Өрт шыққан жоқ. Өрт сөндірушілер жеткенше көршілер мен куәгерлер алты бала мен екі ересек адамды құтқарды.

«Жарылыс бірінші қабаттағы пәтерлердің бірінде болды. Алдын ала ақпарат бойынша пәтерде екі отбасы тұрған. Пәтер иесі сыртан төрт литрлік газ баллонын алып келген», – дейді ведомстводан.

ТЖД қызметкерлері атап өткендей, көп қабатты үй орталықтандырылған газбен жабдықтау жүйесіне қосылған. Үй иесінің неліктен үйге газ баллонды пәтерге кіргізгені анықталу үстінде.

«Зардап шеккен балалар шұғыл түрде облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Ал екі ересек адам облыстық ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнына ТЖД жеке құрамынан 21 қызметкер, жеті техника, тоғыз полиция қызметкері және үш жедел жәрдем көлігі жұмылдырылды», – деп толықтырды ведомстводан.

Жарнамаspot_imgspot_imgspot_imgspot_img

Популярные Новости