-19.8 C
Kokshetau

Наш WhatsApp: +7 (775)-522-54-11

Sunday, November 27, 2022
-19.8 C
Kokshetau

Электронная почта: koksheinform@mail.ru

|

Whats App: +7 (775) 522 54 11

ДомойОқиғаҚылмысҰҚК тағы бір жол берілмеген теракт туралы айтты

ҰҚК тағы бір жол берілмеген теракт туралы айтты

2018 жылдың соңында БАҚ-та ДАИШ халықаралық террористік ұйымының үш ізбасарының қылмыстық топ құрып, Жезқазғанда лаңкестік әрекетке дайындалғаны туралы ақпарат жарияланды. Қазақстан ҰҚК олардың әрекетінің жолын кесті.

Бүгін ҰҚК осы іс құпиясының пердесін ашқандықтан,біз террористік топ мүшелерін ұстау бойынша арнайы операцияның егжей-тегжейлерімен бөлісеміз.

Қатысушылардың есімдері өзгертілді, өйткені олардың барлығы дерлік өздерінің діни көзқарастарын қайта қарады, қателіктерін мойындап, өз істеріне өкініш білдірді.

Террористік топтың болашақ басшысы Ерлан Қуандықов отбасылық жағдайлар салдарынан ЖОО-ны екінші курста тастап, «Оңтүстік астанада» кездейсоқ табыспен күн кешіп жүрген еді.

Жұмыстан кезекті рет шығып қалғаннан кейін, ол Жамбыл облысындағы туған ауылына «өзін-өзітабу» үшін келіп, сол жерде өзінің досы – күмәнді дін – жалған салафизмді жақтаушының діни ықпалына түседі.

Одан әрі, ұйытқыған қардай үйіле өсіп келе жатқан өзінің діни және ақпараттық шөлін қанағаттандыруға тырысып, Қуандықов дінді белсенді түрде зерттей бастайды.

Алайда ол ақпаратты имамдардан немесе мұсылман діндарларының ресми сайттарынан емес, радикалды және экстремистік сипаттағы материалдары бар әлеуметтік желілердіңпарақшаларынан алған еді. Дәл солардан ол қасиетті ислам жазбаларын бұрмалаған түсіндірмелердібойына сіңірді.

Өмірлік келешегінің, табыс көзінің болмауы, сондай-ақ өзі мойнында отырған туыстары тарапынан жиілеген қорлық аясында Қуандықов 2016 жылы жағдайды ауыстыруға–халық тұтынатын тауарлар сату саласында бизнес ашу үшін Жезқазғанға көшуге шешім қабылдайды. Жезқазғанда ол отауқұрып, отбасылық өмірге енеді, бірақ Сириядағы бейбіт тұрғындарға қарсы қатыгез террористерді көруін жалғастыра береді.

Радикалды интернет-насихат аясында Қазақстанда тыйым салынған «ДАИШ» халықаралық террористік ұйымына жан-тәнімен қолдау көрсете бастайды. Ол «мұсылман жауларына» қарсы соғысып, «шахид» болуды армандады. Алайда Қуандықовтың Сирияға кетуге қаржылай мүмкіндігі болмады.

Одан басқа, сол кезеңде әлеуметтік желілерде шетелдік террористер ДАИШ жетекшісі әл-Бағдадидің «амалдар» – жер-жерлерде террористік шабуылдар жасауға шақырған роликтерін белсенді түрде тарата бастаған болатын. Осы үндеу Қуандықовты Жезқазғанда шабуыл жасау үшін бір дінді ұстанушылар тобын қалай да құру шешіміне итермеледі.

Ол өз ниетін іске асыру үшінөзі сияқты интернет арқылы радикалданған жергілікті тұрғындар Берік Асенов пен Жәкен Ақмоловты тартты, олармен қалалық қоғамдық тамақтандыру орындарының бірінде «ауыз ашарда»танысқан. Олардың радикалды сенімдерінің сәйкестігі, күнделікті проблемаларының ортақтығы оларға тез арада «бауырластық» қарым-қатынас орнатуға көмектесті. Осыдан кейін олар терактіге дайындалып, сонымен бір мезгілде жақын адамдар арасында экстремизмді насихаттай бастады.

Пәтерін топ мүшелері жиындарын өткізу және қылмыстық ниеттерін талқылау үшін жиі пайдаланатын Ақмоловпен бір аулада тұрған қаланың жасөспірімдеріүгіт-насихат объектілерінеайналды. Өршіл Ақмолов топ идеологы ролін өзіне алды және өзінің беделі мен өзінше оқымыстылығын пайдалана отырып, серіктестерін жоспарланған іс-әрекеттерінің дұрыстығына сендірді, астыртын әрекет ету әдістерін үйретті.

Топ жетекшілері Қуандықов пен Ақмоловтың пайдакүнемдік себептері де болды–олар банданың әрбір жаңа мүшесін өз жоспарларын қаржыландыру көзі ретінде қарастырды. Қару сатып алу сылтауымен екеуі де жас діндарларды тұтынушылық несие алуға көндірді. Алынған қаражаттың бір бөлігін өздеріне– ортақ іс үшін қажет деген желеумен смартфондар сатып алуға, тұрмыстық шығыстарды төлеуге жұмсады. Қуандықов пен Ақмолов несиені қайтарудың қажеті жоқ, өйткені теракт кезінде топтың барлық мүшелері жұмаққа кіреді деп сендірді.

Осылайша, 2018 жылдың маусымына қарай Қуандықов, Ақмолов және Асеновтан бөлек, топқа тағы үш жаңадан шақырылушы кірді, олар кейіннен қылмыстық іс бойынша басты куәгер болады. Қуандықов пен оның компаниясы жиі кездесулерге көшті, ДАИШ-тың үгіт-насихат роликтерін көріп, Сирия мен Ирактағы оқиғаларды, сондай-ақ Қазақстандағы болашақ шабуылдарын талқылады. Содырлардыңбейбіт тұрғындарды өлім жазасына кесу көріністеріерекше танымалдыққа ие болды.

Сол кезеңде Ұлттық қауіпсіздік комитеті олармен қатар тағы бір террористік топты зерттеуді жүргізді, оған қатысушылар Жезқазған және жақын маңдағы Сәтпаев қалаларында ұсталды.

Қуандықовтың тобы бұл жаңалықты жеке қорлау деп қабылдады. Жерлестердің табандылығы оларды жігерлендіріп, террорлық шабуыл жасау ниетін нығайтты. Шамалы ойланғаннан кейін қаскөйлербірінші кезекте қала тұрғындарын қорғаушыларынан айыру үшін полиция қызметкерлерін жойып, одан кейін бейбіт тұрғындарға қарсы шабуылдар ұйымдастыруға шешім қабылдады.

Қуандықов өзінің діндестерін жинап, полиция қызметкерлерін жеке өзі өлтіруді жоспарлап отырғанын салқын түрде мәлімдеді. Ол топтың басқа қатысушыларына олардың екінші кезектегі рольдерін белгілеп беретінін айтты. Қуандықовтың шешімділігі Ақмоловты алаңдатып, осыған байланысты ол «жамағат» жиынын өткізу үшін өз пәтерін ұсынуды жалғастырғанмен, күтпеген жерден қылмысқа қатысудан бас тартты.

Кезекті кездесу Қуандықовтың топ мүшелеріне деген қатты қысымымен өтті. Жетекшіқызбамінезіне байланысты басқа мүшелердің енжарлығына және Ақмоловтың қорқақтығына ашуланды. Қуандықов полицейлерге шабуыл жасау жоспарын іске асыруға тезірек кірісуге шақырды.

Топтың қылмыстық белсенділігі Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің назарынан тыс қалмады, олардың әрекеттерін тіркеп, объектілердің қылмысқа қатысы бар екендігінің кең дәлелдерін жинады.

Шабуылдың нақты қаупін ескере отырып, арнаулы қызметтер күдіктілердің қару сатып алуын күтіп отыра алмады, өйткені бұл жағдайда ахуалды бақылаудан шығарып алу қаупі жоғары болды.

Сонымен қатар топ мүшелерінің қару қолданбай, қолға түскен құралдардың және, тіпті, автомобильдердің көмегімен, мысалы,
2016 жылы Ницца, 2017 жылы Лондон және Стокгольм көшелерінде террористер шабуыл жасағандай террористік шабуыл жасауы мүмкін екендігі ескерілді.

2018 жылғы 23 қарашада арнаулы қызметтер топтың 5 мүшесін ұстады.

Жиналған дәлелдер олардың әрекеттерін террористік сипаттағы қылмыстар ретінде анықтау үшін жеткілікті болды. Жасалған қылмыстың ауырлығының жиынтығы бойынша, террористік топ құрғаны, терроризмді насихаттағаны және теракт дайындағаны үшін Ерлан Қуандықовты 12 жылға, оның сыбайластары Берік Асеновті–9, ал Жәкен Ақмоловты–6жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарылды.

Тергеу және сот барысында ұсталған барлық айыпталушылар өз кінәларын толық мойындап, қылмыс жасағаны үшін өкініштерін білдірді. Бірақ болған нәрсені артқа қайтара алмайсың, әрекеті үшін жауап беруі керек. Әлі өмір сүріп үлгермеген жастардыңүйлерінде қайғы құшып, масқара болған ата-аналары, сондай-ақ жұбайлары мен балалары қалды.

ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі.

Жарнамаspot_imgspot_imgspot_imgspot_img

Популярные Новости