Жұма, Сәуір 26, 2024
5.6 C
Kokshetau
4 C
Nur-Sultan
8 C
Almaty
ЖаңалықтарМаңыздыКорея мен Индонезияда коронавирустың жаңа штамы анықталды

Корея мен Индонезияда коронавирустың жаңа штамы анықталды

Тағы екі елде, атап айтсақ, Корея мен Индонезияда коронавирус инфекциясының жаңа «британдық» штамы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рёнхап агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің хабарлауынша, дүйсенбі күні Оңтүстік Кореяның денсаулық сақтау органдары коронавирустың жаңа штамын жұқтырудың алғашқы жағдайларын растады. Ұлыбританиядан келген үш адамнан вирустың «британдық» штамы анықталған. Осы елден ұшуға тыйым салуды жыл соңына дейін тағы бір аптаға ұзарту туралы шешім қабылданды.

Кореяның ауруды бақылау және алдын алу агенттігі (KDCA) аталған үш адамның бір отбасы мүшелері екенін хабарлады. Осы отбасымен Оңтүстік Кореяға бірге ұшып келген барлық жолаушы мен ұшақ экипажы жаңа штамды жұқтырған-жұқтырмағанын анықтау үшін қайта тестілеуден өтеді.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Индонезия коронавирустың жаңа жұқпалы штаммының таралуын тоқтату үшін барлық шетелдікке екі аптаға кіруге тыйым салады. Бұл туралы дүйсенбіде елдің Сыртқы істер министрі Ретно Марсуди хабарлады.

Британдық зерттеулер көрсеткендей, коронавирустың жаңа штамы ескі нұсқаға қарағанда 70 пайызға жұқпалы болуы мүмкін. Жаңа нұсқа алғаш рет қыркүйектің ортасында Ұлыбритания астанасы – Лондонда пайда болды деп болжануда. Жаңа штамм бірқатар елде, атап айтқанда Аустралия, Дания, Германия, Италия, Испания, Канада, Нидерланд, Швейцария, Франция және Жапонияда анықталған еді.

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz/tagy-eki-elde-koronavirustyn-zhana-shtamy-anyktaldy_a3735060

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...