Жексенбі, Мамыр 19, 2024
14.3 C
Kokshetau
15 C
Nur-Sultan
15 C
Almaty
ЖаңалықтарОқиғаҚылмысКрипто-алаяқтар ақмолалықты алты жарым миллион теңгеге алдап кетті

Крипто-алаяқтар ақмолалықты алты жарым миллион теңгеге алдап кетті

Криптовалютаға қаражат салу процесіндегі алаяқтық – сенгіш пайдаланушыларды ақшаға алдаудың тағы бір кең таралған әдісі, – деп ескертеді ақмола полицейлері.

Қаскөйлер адамдарға өте жоғары кірісті уәде етіп азғырады. Ағымдағы жылдың 3 қарашасында Ерейментау АПБ-на 46 жастағы жергілікті тұрғынның өтініші келіп түсті, ол 28 қыркүйек пен 1 қараша аралығында белгісіз тұлғалар оған тиесілі 6 млн. 500 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражатты алаяқтық жолмен иемденгенін хабарлады.

Алдын ала тергеу барысында 28 қыркүйектен 11 қазанға дейін интернет желісінің сайттарының бірінде менеджердің басшылығымен ақша капиталын көбейту мақсатында өтініш беруші криптовалюта ойнап, ақшалай қаражатты «ENS invest» компаниясының шотына және google қосымшасына аударғаны анықталды.

2022 жылдың 1 қарашасында бұл сайт бұғатталып, әйел алаяқтардың құрбаны болғанын түсінген. Осы фактіге сәйкес полиция бөлімі ҚР ҚК 190-бабы 4-тармағының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікті адамдарды анықтау бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Тәртіп сақшылары кірістің жоғары деңгейіне кепілдік бере отырып, криптовалютаға инвестициялау мүмкіндіктерін ұсынатын компанияларға сенбеуге шақырады. Біраз уақытқа дейін олардың цифрлық платформалары инвестициялардың болжамды өсуін көрсетеді, бірақ инвесторлар бұл қаражатты алуға тырысқанда, бұл мүмкін емес екендігін түсінеді.

Егер сізге жүздеген пайыз пайда мен жоғары кірістің кепілдігі ұсынылса, онда сіздің алдыңызда алаяқтар болуы мүмкін екенін ескеріңіз.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...