Сенбі, Сәуір 27, 2024
8.5 C
Kokshetau
2 C
Nur-Sultan
8 C
Almaty
ЖаңалықтарҚазақстанМұнай өнімдері жоспар бойынша жеткізіліп жатыр – ҚТЖ

Мұнай өнімдері жоспар бойынша жеткізіліп жатыр – ҚТЖ

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ базасында энергетика саласының жүйе құраушы кәсіпорындарымен өзара іс-қимыл штабы жұмыс істеп тұр. Бұл туралы акционерлік қоғамның баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ базасында энергетика саласының жүйе құраушы өнеркәсіп кәсіпорындарымен (ЖЭО, ГРЭС, көмір және кен разрездері) өзара іс-қимыл бойынша штаб жұмыс істеп тұр. Қазіргі уақытта жылжымалы құрам үздіксіз цикл өндірістерін штаттық режимде қамтамасыз етіп отыр. Отын-энергетика кешені нысандарына мұнай өнімдерін жөнелту жоспар бойынша жүргізілуде», – делінген ұлттық компанияның мәліметінде.

«ҚТЖ» ақпараты бойынша, штаб өндірістік компаниялармен тұрақты байланыста жұмыс істеп тұр.

«Жылжымалы құраммен қамтамасыз ету және жүктерді жеткізу мәселелері жедел тәртіпте шешіліп жатыр», – деп жазады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Бұған дейін теміржол қызметкерлері бүлік кезінде зардап шеккендер үшін қан тапсырып жатқаны туралы жазғанбыз. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі төтенше жағдай режимі кезеңінде медициналық көмек көрсету және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша халыққа кеңес беретін 1406 байланыс орталығының қосымша номерлерін іске қосты: 8-7172-67-41-33, 8-7172-67-41-34, 8-7172-67-40-92.

Дереккөз: ҚазАқпарат

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...