Жұма, Сәуір 26, 2024
5.6 C
Kokshetau
4 C
Nur-Sultan
8 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерШортандыПартия басымдығында – ауыл тұрғындарының жарқын болашағы мен әл-ауқаты

Партия басымдығында – ауыл тұрғындарының жарқын болашағы мен әл-ауқаты

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ректоры Елубаев Мәди Сағынтайұлы Шортанды ауданында болып, халықпен бірқатар үгіт-насихат кездесулерін өткізді, көп балалы отбасылардың үйлерінде болып, «Есіктен есікке» акциясына қатысты.

Шортанды ауданының Научный кентінде А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының қызметкерлерімен, республикалық агрохимиялық қызмет ғылыми-әдістемелік орталығының ұжымымен, сондай-ақ Дамса ауылдық округінің, Научный кентінің, Степное ауылының тұрғындарымен кездесті.

Кездесу орны А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы болды. Ол Қазақстан Республикасының егіншілік және өсімдік шаруашылығы саласындағы ірі ғылыми орталығы болып табылады.

Жиналған аудитория алдында сөз сөйлеген Мәди Сағынтайұлы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының басты басымдықтарын белгілеп, тұрақтылықты қамтамасыз етуге және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жоспарлар мен міндеттер туралы айтты. Спикер бағдарламаның әр өңір мен елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жеке міндеттер қойылуымен ерекшеленетінін атап өтті.

Іс-шараға облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Ирина Жукова, аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Ахмедия Қожамсейітов, Галина Горкушева, Меруерт Жылқыбаева қатысты.

Кездесулер диалог түрінде өтті. Мәди Сағынтайұлы қатысушыларға проблемалар мен мәселелер партияның орталық аппаратына жеткізілетінін бірден түсіндіріп, адамдарды ауылдық жерлерде аз емес проблемаларды белсенді талқылауға шақырды. Оның ішінде – ауыл шаруашылығы саласындағы жалақының төмендігі.

– 2025 жылға қарай агроөнеркәсіптік кешенде 70-тен астам жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беретін шаралар қабылданатын болады, еңбек өнімділігін 1,5 есеге арттыру, жалақы 128 мың теңгеден 150 мың теңгеге дейін, – деді спикер. Ол өзіне сұрақ қойғандардың барлығын мұқият тыңдап, тұрғындарға шағын Отанына немқұрайлы қарамағаны үшін алғыс айтты. Партияның басымдығы – ауыл тұрғындарының тұрақты болашағы мен әл-ауқаты екенін атап өтті.

Үгіт – насихат жұмысы барысында Мәди Елубаев Дамса ауылдық округінің екі көпбалалы отбасыларына барып, аналармен әңгімелесті, содан кейін «Қайнар» балалар-жасөспірімдер клубының еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Халықтың болашақ таңдаушысы тренажер залы мен бассейннің кіретін кешенінің қызметімен танысып, олардың салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін балалармен және жастармен жүргізіп отырған жақсы жұмысын атап өтті. Содан кейін ұжыммен сөйлесіп, туындаған сұрақтарға жауап берді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттың барлық үгіт-насихат кездесулерінің нәтижесінде 10 қаңтарда сайлауға келіп, нақты істер партиясына дауыс беруге шақыру айтылды.

Өйткені, тек «Nur Otan» партиясы мен партия депутаттары ғана әрбір қазақстандықтың өмірін жақсарту үшін алға қойылған міндеттерге қол жеткізеді.

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Шортанды ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...