Жұма, Мамыр 3, 2024
9.5 C
Kokshetau
4 C
Nur-Sultan
14 C
Almaty
ЖаңалықтарОқиғаШортандыдағы жарылыс: Зардап шеккен 12 жастағы бала көз жұмды

Шортандыдағы жарылыс: Зардап шеккен 12 жастағы бала көз жұмды

Шортанды кентінде газ баллоны жарылысынан зардап шеккен 12 жастағы бала көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Өкінішке орай, Ақмола облысының Шортанды ауылында газ баллоны жарылысы салдарынан зардап шеккен 2009 жылы туған бала 20 қараша күні кешке қайтыс болды. Айта кетейік, бала елордалық ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілген. Ол дереу реанимация бөліміне жатқызылды, себебі жағдайы өте ауыр болды. Дененің термиялық күйігі 70 пайыз болды. Сондай-ақ өте ауыр дәрежедегі күйік шогы да байқалды», – деді Нұр-Сұлтан қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

Ведомстводан атап өткендей, барлық жүргізілген емдеу шараларына қарамастан, жансақтау бөлімшесінде болған науқасты құтқару мүмкін болмады.

«20 қарашада баланың жүрегі тоқтады. Жансақтау шаралар аясында жүрек қызметі қалпына келмеді. Сағат 21:00-де биологиялық өлім анықталды. Біз баланың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз», – деп толықтырды ведомстводан.

Ведомствоның мәліметінше, зардап шеккен тағы үш баланың бірінің жағдайы ауыр.

«Үш баланың бірінің денесі 60 пайыз күйік алған, жағдайы өте ауыр жансақтау бөлімшесінде жатыр. Өткен аптада тағы екеуі бейінді бөлімшеге ауыстырылды, онда барлық қажетті ем алып, дәрігерлердің бақылауында болады. Балалардың жағдайы тұрақты, динамикада нашарлаусыз», – түйіндеді Нұр-Сұлтан қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, 16 қараша күні Ақмола облысының Шортанды кентінде газ баллоны жарылып, 3 адам көз жұмды, тағы он адам ауруханаға түсті. Оқыс оқиға түнгі сағат 22:00 шамасында Шортанды кентінде Линейная көшесіндегі үш пәтерлі барак үйде болды. Жарылыстан кейін 3 пәтер өртеніп, оның бір бөлігі құлады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын...

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін кәсіпкерге ғимаратын кеңейту үшін қосымша жер телімі берілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді. Осылайша, кәсіпкер С.  Көкшетау қаласының әкімдігіне...

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...