Жұма, Сәуір 26, 2024
11.7 C
Kokshetau
11 C
Nur-Sultan
10 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерАршалыЖібек жолы ауылында пластикалық бөтелкелерді қабылдайтын фандомат іске қосылды

Жібек жолы ауылында пластикалық бөтелкелерді қабылдайтын фандомат іске қосылды

Пластикалық және алюминий бөтелкелерді өңдеуге қабылдайтын алғашқы автомат Аршалы ауданы Жібек жолы кентінің «Алан» сауда үйінде пайда болды. Бұл туралы Жібек Жолы ауылдық округінің әкімдігі өзінің Instagram парақшасында жаңалықпен бөлісті.

Жібек жолы ауылдық округінің әкімі Қанат Қанафиннің айтуынша, жергілікті тұрғындар жаңалықты жоғары бағалады.

«Бұл облыс пен жалпы ел үшін орасан зор жоба деп санаймын. Әрине, қоқыс тастаудан гөрі, пластик пен алюминий ыдыстарды тапсырып, ол үшін ақша алу жақсы. Бұл экология үшін үлкен маңызға ие. Енді жобаға дәмхана, мейрамхана, дүкендерді де қосқымыз келеді, олар да мерекеден кейін ыдыс жинап, қоқысты тастамайды», – деп бөлісті Қанат Қанафин.

Экологиялық жобаны экоактивист Шасалим Шагалимов жүзеге асырып отыр.

Экоактивисттің айтуынша, бір пластик бөтелке бес теңгеге, ал алюминий құты екі теңгеге бағаланады. Бұл ақшаны көлік картаңызға аударуға немесе қайырымдылыққа қалдыруға болады.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...