Сенбі, Мамыр 18, 2024
20.2 C
Kokshetau
16 C
Nur-Sultan
19 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамМәдениет«Мейрімді жүрек» облыстық инклюзивті байқау-фестивалінің жүлдегерлері марапатталды

«Мейрімді жүрек» облыстық инклюзивті байқау-фестивалінің жүлдегерлері марапатталды

Балалар жылы шеңберінде Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен мүмкіндіктері шектеулі балалар арасында «Мейрімді жүрек» облыстық инклюзивті байқау-фестивалі өтті.

Ақмола облысы мәдениет басқармасының қолдауымен өткен байқау-фестиваліне облысымыздың аудан-қалаларынан бес шығармашылық ұжым қатысты. Оның ішінде Аққөл ауданы, Аршалы аудандары мен Көкшетау және Степногорск қалаларының өкілдері  өнерлерін әлеуметтік желіде бейне баян арқылы ұсынды.

«Мейрімді жүрек» облыстық инклюзивті байқау-фестиваліне белгілі өнер майталмандары Асхат Магавин – қазылар алқасының төрағасы, композитор- Абай Бекмолдин, бөлім басшысы Гульмира Жұмалиева төрелік етті.

Байқау қорытындысы бойынша Ақкөл ауданынан «Арт ложки» дуэті, Аршалы ауданынан Гульпа Елизавета, Степногорск қаласынан Сатай Дильназ және Зикратова Лада,  Көкшетау қаласынан «Шұғыла» би ұжымы үздік атанды.

«Мейрімді жүрек» облыстық интернет байқау-фестиваліне қатысып жоғары дәрежеде өнер көрсеткені үшін барлық қатысушыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...