Жексенбі, Мамыр 19, 2024
10.2 C
Kokshetau
17 C
Nur-Sultan
20 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамМемқызметті адамға бағдарланған сервистік сипатта ұйымдастыру мәселесі қалай шешілуде

Мемқызметті адамға бағдарланған сервистік сипатта ұйымдастыру мәселесі қалай шешілуде

Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы жұмыс сапарымен Ақмола облысына болды. Іссапар барысында Дархан Жазықбаев өңірдің мемлекеттік қызметшілерімен, Агенттіктің Ақмола облысы бойынша департаменті және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының ұжымымен кездесу өткізді. Жиында мемлекеттік аппараттың жұмысын бюрократиядан арылту, мемлекеттік қызметті алуда әкімшілік кедергілерді жою, сондай-ақ халықтың билік институттарына деген сенім деңгейін арттыру мәселелері талқыланды.

Агенттік төрағасы «мемлекеттік қызметті түбегейлі жаңғыртудың басты мақсаты – халық үніне құлақ асатын мемлекеттік аппаратты қалыптастыру» екендігін атап, мемлекеттік қызметшілерді сыбайлас жемқорлыққа, мүдделер қақтығысына, заңға қайшы әрекеттерге, қоғам тарапынан сынға ұшырайтын қылықтарға, мемлекеттік аппараттың абыройы мен беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеуге шақырды.

Өңірдің жас мемлекеттік қызметшілер мен жоғары оқу орындарының түлектерімен арнайы жүздесу мақсатында Агенттік төрағасы облыстық Жастар-ресурстық орталығына барды. Дархан Жазықбаевтың айтуынша, Агенттік тарапынан жас мамандарды мемлекеттік қызметке іріктеуді жеңілдету бойынша бірқатар ұсыныстар дайындалды. Мәселен, жоғары оқу орындары мен колледждерде мемлекет есебінен білім алып, оқу үлгерімінің орташа балы (GPA) жоғары деңгейді көрсеткен жас маман иелерін аудандық және ауылдық деңгейдегі төмен лауазымдарға конкурстан тыс негізде қабылдау ұсынылып отыр.

«Болашақта орталарыңызда мемлекеттік қызметке келемін деген жастар болса, менің сіздерге айтарым – басты мақсат – үлкен бастық болу емес, ел игілігі үшін қызмет атқару болуы керек. Мақсат жеке мансаптық амбицияларға емес, ең алдымен қоғамдық мүдделерге негізделуі тиіс», – деп атап өтті Д. Жазықбаев.

Сонымен қатар, Агенттік төрағасына мемлекеттік қызметке орналасу, мемлекеттік бағдарламалар, гранттар, жеңілдіктер, ипотекалық несиелендіру бойынша тегін әрі шұғыл консультативтік көмек қызметтерін көрсететін Көкшетау қаласындағы Жастарға қызмет көрсету орталығының жұмысы ұсынылды.

Сапар барысында Дархан Жазықбаев Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Болашақ сарайының», сонымен қатар Көкшетау қаласының және Бурабай ауданының Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысымен танысып, қала әкімдіктерінде азаматтарды қабылдады. Жергілікті халық тарапынан туындаған сауалдарға жауап беріп, жиында көтерілген түйіткілді мәселелерді шешу мақсатында Агенттіктің аумақтық Департаментіне бірқатар тиісті тапсырмалар берілді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...