Бейсенбі, Мамыр 2, 2024
9.2 C
Kokshetau
13 C
Nur-Sultan
20 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік қызметМемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау – басым бағыттардың бірі

Мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау – басым бағыттардың бірі

Қазіргі кезеңде мемлекеттік аппараттың алдында тиімділігі жоғары, мобильді, азаматтарға бағытталған және үнемі жетілдіріліп отыратын ұйымға айналу қажеттілігі тұр. Бұл ұйымның негізгі капиталы – онда жұмыс істейтін адамдар. Олардың жоғары кәсібилігі мен нәтижелілігі ел азаматтарына тиімді қызмет етудің кепілі болып табылады.

Жоғары кәсіби қызметкерлер өздерінің әлеуетін мемлекеттік аппарат пен қоғамның мүддесіне бағыттауы үшін мемлекеттік қызмет қолайлы жұмыс орнына айналуы керек.

Бұл ретте көрсетілген мақсатқа қол жеткізу құралдарының бірі мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.

Мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің еңбекті, денсаулықты қорғауға, қауіпсіз және тиімді жұмыс істеу үшін қажетті еңбек жағдайларына, сондай-ақ Әлеуметтік және құқықтық қорғауға құқығы бар.

Айта кету керек, жұмыс берушінің жұмыс уақыты мен күнделікті жұмыстың қалыпты және қысқартылған ұзақтығын заңсыз көбейткені үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Шұғыл, алдын ала күтпеген жұмыстарды орындау үшін мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес үстеме жұмысқа, демалыс және мереке күндері жұмысқа тартылуы мүмкін. Бұл ретте, көрсетілген жағдайларда мемлекеттік қызметшіге демалыс күндері немесе сағаттары беріледі, не болмаса жұмыс мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу жүйесіне сәйкес өтеледі.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті еңбек тәртібі мен жұмыс уақыты регламентінің алдын алу және сақтау мақсатында мемлекеттік органдардың бірыңғай автоматтандырылған деректер базасына тұрақты негізде бақылау және талдау жүргізеді.

Ақпараттық жүйелердің мәліметтеріне сәйкес 2022 жылы облыстың мемлекеттік қызметшілері 586 сағаттан артық жұмыс уақытына тартылды, сондай-ақ демалыс және мереке күндері қызметшілердің жұмыс орнында болуының 8 фактісі тіркелді.

Бұдан басқа, мемлекеттік органдардың деректеріне сәйкес 2022 жылы үстеме жұмыстарға 1085 қызметкер тартылды, өтемақы төлемдерінің жалпы сомасы 6 млн. теңгеден асты, 960-тан астам демалыс берілді.

Айта кету керек, 2021 жылдың қыркүйегінде Ақмола облысының еңбек инспекциясы басқармасы мен Департамент арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған.

Меморандумның 8-тармағына сәйкес мониторинг қорытындылары мемлекеттік органдардың басшыларын әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарау және тексеру жүргізу үшін басқармаға жіберіледі.

Меморандум аясында Департамент жүргізген мониторинг қорытындысы бойынша басқармаға мемлекеттік органдарда еңбек заңнамасының сақталуына тексеру жүргізу үшін 8 хат жолданды.

Мемлекеттік органдардың басшылары еңбекті, денсаулықты қорғауға, тиімді қызмет үшін қауіпсіз және қажетті жағдайлар жасауға, сондай-ақ қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетіне кемсітушілік пен қол сұғушылықтың кез келген нысандарын болдырмайтын қолайлы моральдық-психологиялық ахуал құруға бағытталған шараларды қабылдауға тиіс екенін атап өткен жөн.

Департамент тарапынан қабылданып жатқан шаралар мемлекеттік қызметшілерді жұмыстан тыс уақытта, сондай-ақ демалыс және мереке күндері жұмысқа негізсіз тарту фактілерін азайтуға мүмкіндік береді деп санаймыз, өйткені уәкілетті орган ретінде Департаменттің міндеттерінің бірі мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен бостандықтарын қорғау болып табылады.

Әнуар Омаров, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын...

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін кәсіпкерге ғимаратын кеңейту үшін қосымша жер телімі берілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді. Осылайша, кәсіпкер С.  Көкшетау қаласының әкімдігіне...

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...