ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Ақмола облысына сапары барысында Степногорск қаласының қалалық емханасының қызметімен танысты.
Емхана әлемнің жетекші өндірушілерінің заманауи медициналық жабдықтарымен және ұйымдастыру техникасымен 100% жабдықталған және халыққа амбулаторлық – емханалық, кеңестік диагностикалық көмек көрсетеді. Пациенттерге неғұрлым жылдам және сапалы қызмет көрсету, сондай-ақ пациенттерді тар мамандарға жіберу, медицина қызметкерлері орындаған қызметтердің динамикасын бақылау үшін «Кешенді медициналық ақпараттық жүйе» бағдарламалық қамтамасыз ету жұмыс істейді. Айта кету керек, ғимаратты қайта құру және жабдықты сатып алуға ақшалай қаражат МЖӘ бойынша мердігер есебінен жүргізілді.
Өз сөзінде О. Бектенов денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі басымдықтарының бірі болып табылатынын атап өтті.
«Біздің азаматтарымыздың әл-ауқатының тірегі ретінде медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасына елеулі бюджет қаражаты бөлінеді және осы қаражаттың ұтымды игерілуіне бақылауды күшейту қажет», — деп атап өтті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының орынбасары.
Сондай-ақ, О.Бектенов «Өмір» тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары орталығында болды, бұл мекеме өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға шұғыл әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетеді.
Орталық менеджері Оксана Волкова-Михальская өз сөзінде ұйымның мүмкіндіктері туралы айтты. Оның айтуынша, мұнда қайта даярлау бойынша қызметтерді алуға, өз бетінше табыс табуды үйренуге, заң сауаттылығын алуға, психологиялық аспектілерді түсінуге, өз балаларымен ортақ құндылықтар мен қызығушылықтарды табуға, балалардың өз бетінше проблемаларды шешу қабілеттерін және тұрмыстық қажеттіліктерге өзін-өзі қызмет көрсету қабілеттерін дамытуға мүмкіндік бар.
Сонымен қатар О. Бектенов Степногорск қаласының Индустриялық-техникалық колледжінің жұмысымен танысты. Колледж 2018 жылы екі білім беру мекемесін біріктіру арқылы құрылды. Онда 713 студент оқиды, оның ішінде жетімдер мен мүгедектер де бар. Колледжде оқу-өндірістік шеберханалар, зертхана, жүргізу бойынша жаттығу сыныбы, медициналық пункт, спорт және жаттығу залдары, кітапхана және жатақхана бар.