Среда, 30 апреля, 2025
ЖаңалықтарӨңірлерЕсіл«Сервистік әкімдіктер»  - ашықтық пен қолжетімділік кепілі

«Сервистік әкімдіктер»  — ашықтық пен қолжетімділік кепілі

Сондай-ақ, оқыңыз...

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Ақмола облысына сапары барысында Есіл ауданының «Сервистік әкімдігінде» болды.

«Сервистік әкімдік» азаматтарға ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, сәулет, қала құрылысы, кәсіпкерлік салаларында мемлекеттік қызметтерді көрсетеді. Мұнда мемлекеттік қызметтің 16 түрі көрсетіледі. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, онда келушілер әртүрлі анықтамаларды өз бетінше ала алады.

Жалпы, сервистік әкімдік қызметтің кедергісіз, ашық болуын көздейді және ішкі процестердің әуре-сарсаңына жол бермейді. Сондай-ақ, мұнда мемлекеттік қызметтерді алуға, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға барлық қажетті жағдайлар жасалған.

Ашық әкімдік алаңында Олжас Бектенов жер учаскесін алу рәсімін жеңілдету, жолдарды күрделі жөндеуге қаражат бөлу, мемлекеттік қызметшілердің тұрғын үй алуы үшін жаңа бағдарламалар енгізу сияқты мәселелер бойынша жүгінген аудан тұрғындарын қабылдады. Қабылдау барысында барлық өтініш білдіргендерге толық түсініктеме берілді.

Сонымен қатар, Олжас Бектенов Халықты жұмыспен қамту орталығының жұмысымен танысты. Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында орталық 422 мемлекеттік қызмет, 234 адамға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетті

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Трамп АҚШ-ты жарылқай ма, әлде жарға жыға ма?

Дональд Трамптың АҚШ президенті қызметіне кіріскеніне бірнеше айдың ғана жүзі болса да, ол алпауыт елдің болашағына көлеңкесін түсірер біраз шаруаларды жасап тастады.  АҚШ президенті...

Жолшылар Көкшетау қаласының колледж студенттерімен кездесті

Жолшылар Көкшетау қаласының мектептерінің түлектерімен кездесті. «Жол активтері сапасының Ұлттық Орталығы» РМК Ақмола облысы бойынша филиалы ұжымы арнайы мектепке барып, кәсіби-бағдар беру жұмыстарын жалғастырып...

Ақмола облысында 315 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2025 жылдың І тоқсаны ішіндегі...

Биыл Ақмола облысында 9 мемлекеттік орган мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жүйесіне кіреді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикер атап...

Жоғары оқу орындарының 25 түлегі мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданды

Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамамен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі көзделген. Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг...