Жексенбі, Мамыр 19, 2024
11.2 C
Kokshetau
19 C
Nur-Sultan
23 C
Almaty
ЖаңалықтарАуа-райыПолиция қар құрсауында қалған 900-ге жуық автокөлікті ілесіп алып жүрді

Полиция қар құрсауында қалған 900-ге жуық автокөлікті ілесіп алып жүрді

Ауа-райына байланысты Ақмола өңірінде Көкшетау қаласы мен Астананың айналасындағы барлық бағыттар бойынша автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелген. 8 қаңтарда «Алматы – Екатеринбург», «Астана – Петропавл», «Астана – Қарағанды», «Астана – Ерейментау – Шідерті», «Көкшетау – Рузаевка» халықаралық және Республикалық маңызы бар автожолдарды, сондай-ақ облыстық және жергілікті маңызы бар жолдарды жабу туралы шешім қабылданды.

Қатты желдің, боранның және соның салдарынан көрінудің шектелуінің салдарынан облыстың автожолдарында қарлы тұтқында жүздеген көлік қалды.

Қазіргі уақытта батальон мен патрульдік полиция ротасының экипаждары күшейтілген режимде қызмет етеді. Көрінбейтіндігіне қарамастан, полиция қызметкерлері трассаларды күзетеді, көлік құралдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, сонымен қатар жүргізушілерге көмекке келеді.

Сағат 13.00-де полицейлер Астана қаласына дейін 530 бірлік (460 жеңіл, 70 жүк) автокөліктің бірінші колоннасын ілесіп алып жүруді бастады. 350 көлік құралының тағы бір колоннасы кері бағытта жүріп келеді. Күні бойы полицейлер автоколонналарды ілесіп алып жүруді жалғастырады.

Полиция қызметкерлері азаматтардан елді мекендерден тыс жерлерге барудан бас тартуды және жолдардың жабылуы туралы құзыретті органдардың хабарламаларын мұқият қадағалауды сұрайды.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...