Жексенбі, Мамыр 19, 2024
11.2 C
Kokshetau
19 C
Nur-Sultan
23 C
Almaty
ЖаңалықтарМаңыздыПрезидент Әкімшілігінің Басшысы Ақмола облысының жаңа әкімін таныстырды

Президент Әкімшілігінің Басшысы Ақмола облысының жаңа әкімін таныстырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Президент Әкімшілігінің Басшысы Олжас Бектенов Ақмола облысының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының жиналысына қатысу үшін Көкшетау қаласына жұмыс сапарымен барды.

Кездесу барысында Олжас Бектенов депутаттарға Ақмола облысының әкімі лауазымына Марат Мұратұлы Ахметжанов пен Мұрат Сағатұлы Балпанның кандидатурасын ұсыну туралы Президенттің хатын оқып берді.

Ашық дауыс берудің нәтижесінде 177 депутат Марат Ахметжановтың, 73 депутат Мұрат Балпанның кандидатурасын қолдап, дауыс берді. Жиналысқа барлығы 250 депутат қатысты. Дауыс беру қорытындысы бойынша Президент Жарлығымен Ахметжанов Марат Мұратұлы Ақмола облысының әкімі болып тағайындалды.

Өңір активіне жаңа әкімді таныстырған Олжас Бектенов Марат Ахметжановтың құқық қорғау және қадағалау салаларында түрлі басшылық қызметтерді тиімді атқарған тәжірибелі басшы екенін атап өтті.

Олжас Бектенов облыс басшылығы Президенттің халыққа Жолдауында көрсетілген міндеттерді іске асыруға күш салуы қажет екенін айтты. Ақмола облысының әкімдігі өңір экономикасын дамыту, азаматтарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету, облыс орталығындағы жылу энергиясының тапшылығын жою, медицина саласын дамыту, тұрғындарды әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, туристік әлеуетті нығайту, елорда маңындағы аумақтарды дамыту және басқа да маңызды бағыттар бойынша белсенді жұмыс істеуі керек.

Олжас Бектенов жергілікті атқарушы органдардың жұмысы азаматтармен табысты байланыс орнатуға және Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыруға негізделуі қажет екеніне назар аударды.

Кездесу соңында Олжас Бектенов Марат Ахметжановқа облыс тұрғындарының игілігі үшін Президент жүктеген барлық міндетті орындау жолында табыс тіледі, сондай-ақ аймақтың бұрынғы басшысы Ермек Маржықпаевқа атқарған жұмысы үшін алғыс айтты.

t.me/aqorda_resmi

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...