Среда, 30 апреля, 2025
ЖаңалықтарӘлемҚытайдағы карантин мұнай бағасын арзандатып жіберді

Қытайдағы карантин мұнай бағасын арзандатып жіберді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Қытайда дүйсенбіден бастап мұнай бағасы төмендей бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат investing.com-ға сілтеме жасап.

Бұл елде COVID-19 коронавирусынан болған карантин салдарынан мұнайға деген сұраныстың азаюымен байланысты болып отыр. Оған қоса, Халықаралық энергетикалық агенттікке (ХЭА) мүше елдер мен АҚШ нарыққа миллиондаған баррель мұнай шығаруды жоспарлауда.

Нью-Йорк сауда биржасында Brent маркалы мұнай фьючерстері 4,04 %-ға арзандап, барреліне 94,29 долларды, ал Лондон континентаралық биржасында (NYSE:ICE) Brent 4,2 %-ға арзандап, барреліне 98,49 долларды құрады.

Қытайдағы карантин әлемде экономика жағынан екінші орында тұрған елдің туристік белсенділігіне кері әсерін тигізіп, ондағы әуе отыны мен мұнайға сұраныстың азаюына қауіп төндірді.

Осылайша, Шанхай мегаполисінде әуе қатынасы әдеттегі деңгейден 10 %-ға дейін төмендеген. Ел бойынша алыс сапарларға ұшатын көптеген рейстер тоқтатылды. FGE консалтингтік фирмасы көлік сұранысының жалпы алғанда күніне 1,2 млн-нан 1,3 млн баррельге дейінгі аралықта төмендеуін болжауда, бұл ретте әуе отынына деген сұраныс осы көрсеткіштің жартысын құрап отыр.

Алайда, кейінірек Шанхай билігі дүйсенбіде кейбір аудандарда карантин шараларын жеңілдете бастайтынын мәлімдеді. Бұл жаңалық Қытай қаржы орталығының жексенбі күні елде 25 мыңнан астам жаңа COVID-19 оқиғасы тіркелгенін хабарлағаннан кейін де шыққан.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Трамп АҚШ-ты жарылқай ма, әлде жарға жыға ма?

Дональд Трамптың АҚШ президенті қызметіне кіріскеніне бірнеше айдың ғана жүзі болса да, ол алпауыт елдің болашағына көлеңкесін түсірер біраз шаруаларды жасап тастады.  АҚШ президенті...

Жолшылар Көкшетау қаласының колледж студенттерімен кездесті

Жолшылар Көкшетау қаласының мектептерінің түлектерімен кездесті. «Жол активтері сапасының Ұлттық Орталығы» РМК Ақмола облысы бойынша филиалы ұжымы арнайы мектепке барып, кәсіби-бағдар беру жұмыстарын жалғастырып...

Ақмола облысында 315 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2025 жылдың І тоқсаны ішіндегі...

Биыл Ақмола облысында 9 мемлекеттік орган мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жүйесіне кіреді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикер атап...

Жоғары оқу орындарының 25 түлегі мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданды

Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамамен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі көзделген. Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг...