Четверг, 19 сентября, 2024
ЖаңалықтарОқиғаҚылмысТөрт ақмолалықтың атына тауар несиесін рәсімдеген алаяқ ұсталды

Төрт ақмолалықтың атына тауар несиесін рәсімдеген алаяқ ұсталды

Бурабай АПБ полиция бөліміне алаяқтық және бопсалау фактісі бойынша бірден төрт зардап шегушінің өтініштері келіп түсті. Барлық эпизодтарда қаскүнем қорқыту және алдау жолымен банктік қосымшалар және микрокредиттік ұйымдар арқылы жәбірленушілердің атына тауарлық және ақшалай кредиттер рәсімдегені анықталды. Жалпы залал сомасы белгіленуде.

Тергеу барысында қаскүнем 2021 жылғы желтоқсанда зардап шеккендердің бірінің атына «Fredom Finance Credit» МҚҰ арқылы бірден алты мобильді құрылғыны сатып алғаны белгілі болды.

Күдіктінің қатысуымен орын алған соңғы оқиға ағымдағы жылдың 11 шілдесінде болған. Щучинск қаласының тұрғыны полицейлерге кездейсоқ таныс адам қорқыту және зорлық-зомбылық көрсету арқылы оның ұялы телефонын пайдаланып, «Halyk Bank» АҚ қосымшасы арқылы интернет дүкен алаңында жәбірленушінің атына жалпы құны 169 мың 890 теңге тұратын «Redmi» маркалы мобильді құрылғыны сатып алғанын хабарлады.

Жедел-тергеу іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады, ол бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған Щучинск қаласының 2000 жылы туған тұрғыны болып шықты. Барлық жәбірленушілер қаскөйді таныды.

Бурабай АПБ аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 4-тармағының 3-бөлігі «алаяқтық», ҚР ҚК 194-бабы 1-бөлігі «бопсалау» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Қашықтықтан бақылау нәтижесінде 363 қызмет алушының құқықтары сақталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Е-лицензиялау» жүйесінде қашықтықтан жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша 363 қызмет алушылардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етті. Осылайша, бұған...

Ақмола облысында 119 мемлекеттік қызметші үстеме жұмысқа тартылған

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарлары, аппарат басшылары және әдеп жөніндегі уәкілдер үшін семинар ұйымдастырып, онда 2024...

Ақмола облысында өңірлік кадр резерві жасақталды

Ақмола облысы кадр комиссиясының шешімімен өңірлік кадр резервіне 25 адам іріктелді. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет...

«Өнерлі шаңырақ» облыстық байқауының жеңімпазы анықталды

Байқауға Ақмола облысының 13 өнерлі отбасылары қатысты. Гран-при иегерлері Қосшы қаласының Жайбусиновтар отбасы Нұрғиса Тілендиевтің “Ата толғау” күйін домбыра, бас домбыра, сырнай, сылдырмақ, шаңқобыз...

Степногорск қаласының прокуратурасы 40 млн теңгені жымқыру фактісін анықтады

Қала прокуратурасы мемлекеттік мекеме бухгалтерінің қаражатты ұрлау фактісін анықтады. Бухгалтер екі жыл бойы депозиттік шоттың ақшалай қаражатын мақсатсыз жұмсаған және мемлекеттік сатып алудың қатысушы болып...