2021 жылғы 19 желтоқсанда Бұланды ауданының ПБ кезекші бөліміне жеке кәсіпкер, Макинск қаласының тұрғынынан ұялы телефонды ұрлау туралы өтініш келіп түсті.
Белгісіз тұлғалар бутиктің желкөзін бұзып, түрлі үлгідегі 7 ұялы телефонды ұрлап кеткені алдын ала анықталған.
Жедел — іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Нұр-Сұлтан қаласында Бұланды ауданының ПБ криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен күдікті анықталып, ұсталды. Ер адам ұрланған телефондарды елорданың сауда үйлерінің бірінде сатпақ болған.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі «ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ақмола полицейлері 2020 жылдың басынан бастап заңнамада ұрлық үшін жауапкершілік күшейтілгенін еске салады. Енді қылмыстың бұл түрі ауыр санатқа өтіп, татуласу мүмкіндігін жоқ.