Бүгін Ақмола облысы прокуратурасында ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай мерекелік іс-шара өтті.
Көктемнің шуақты, халқымыздың сүйікті мерекесімен облыс прокуроры А.С. Майлыбаев Ақмола облысының прокуратура органдарының қызметкерлерін құттықтап, отбасыларына амандық, дендеріне саулық, көктемдей жадыраған көңіл-күй тіледі.
Мерекелік іс-шара арнайы әзірленген ұлттық тағамдардан дәм татумен және асық ату, арқан тарту сияқты ұлттық ойындармен жалғасты.
Асық ату сайысында облыс прокурорының орынбасары Ж.Б. Бердіқұлов жеңімпаз болса, арқан тарту сайысында облыс прокуратурасының ұжымы олжалы болды.
Үздік ұлттық киім сайысында Көкшетау қаласы прокуратурасының бас маманы Г.К. Мыңбаева жеңімпаз атанды.
Барлық жүлдегерлер мақтау қағаздарымен және құнды сыйлықтармен марапатталды.
Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.