Пятница, 29 ноября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамМәдениетАқмолалық «Карнавал» би ұжымы республикалық байқаудың Гран-при иегере атанды

Ақмолалық «Карнавал» би ұжымы республикалық байқаудың Гран-при иегере атанды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облыстық мәдениет басқармасының мәліметінше,  22 сәуір күні Орал қаласында «Биле Ақжайық» III Республикалық байқауы өтті.  Аталмыш шараға Ақмола облысы атынан Жақсы ауданы Белағаш ауылының «Карнавал» би ұжымы  қатысып, қазылар алқасының шешімімен «Халық биі» аталымы бойынша Гран-при иегері атанды.

«Карнавал» көркемөнерпаздар би ұжымы 1999 жылы құрылды.  Содан бері «Карнавал» хореографиялық ұжымы балалар мен жасөспірімдер үшін нағыз эстетикалық тәрбие мектебіне айналып отыр.

«Ұжымның репертуарында халық стиліндегі және эстрадалық билер бар, онда қатысушылар хореографиялық дайындықты, әртістік қабілеттерін көрсетеді, өз сезімдерін білдіреді. Ұжым өзінің репертуарын толықтыру үшін үнемі жұмыс істейді. Ұжымдағы жұмыс әр түрлі жоспармен жүзеге асырылады, бұл би мәдениетіндегі түрлі бағыттарды игеруге мүмкіндік береді. Көшбасшы іс-әрекеттің негізгі бағытын жетілдіруді, жаңа нәрсені білуге деген ұмтылысты, жеке тұлғаны және тұтастай ұжымды дамытуды анықтайды. Ұжымда 6 жастан 15 жасқа дейінгі үш топта 36 бала шұғылданады»,  — деді ведомстводан.

Ұжым би өнеріне сіңірген еңбегі үшін бірнеше рет Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталған.

 

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту шеңберінде жер қатынастары саласындағы бірқатар «жасырын» қызметтер регламенттелді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жер қатынастары саласындағы мемлекеттік органдардың функцияларын талдау қорытындысы бойынша «жасырын» қызметтерді регламенттеу жөнінде ұсыныс енгізді. Мәселен, бұған...

Ақмола облысында «Саналы ұрпақ» студенттік клубтарының слеті өтті

Ағымдағы жылдың 26 қарашасында Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінің базасында «Саналы ұрпақ» студенттік клубтарының облыстық слеті өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің...

Алмас Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 25 қарашадағы өкімімен, сондай-ақ, ҚР Президенті Әкімшілігінің және мәслихат депутаттарының келісімімен Алмас Аянұлы Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды. Ауданның...

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...