Жексенбі, Мамыр 19, 2024
11.6 C
Kokshetau
14 C
Nur-Sultan
20 C
Almaty
ЖаңалықтарОқиғаАқмола облысында жеңіл көлік "КамАЗ"-бен соқтығысып, жүргізуші ауруханаға түсті

Ақмола облысында жеңіл көлік «КамАЗ»-бен соқтығысып, жүргізуші ауруханаға түсті

Ағымдағы жылдың 26 сәуірінде Аршалы ауданының полиция бөліміне аудандық аурухана фельдшерінен Жібек Жолы ауылында ЖКО болғандығы туралы телефон арқылы хабарлама келіп түсті.

Елорданың 37 жастағы тұрғыны «ChevroletNexia» маркалы автокөлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, Жібек Жолы ауылының 45 жастағы тұрғынының басқаруындағы «КамАЗ» маркалы жүк көлігімен соқтығысуға жол бергені алдын ала анықталды. «КамАЗ» жүргізушісінің айтуынша, жеңіл автокөліктің жүргізушісі мас күйінде болған.

Тексеру кезінде 2023 жылғы наурызда елорда тұрғыны мас күйінде ЖКО жасап, ҚР ӘҚБтК 608-бабының 3-бөліміне сәйкес 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

ЖКО салдарынан «ChevroletNexia» маркалы автокөліктің жүргізушісі түрлі жарақаттармен Астана қаласындағы ауруханаға жеткізілді, «КамАЗ» жүргізушісі зардап шеккен жоқ, автокөліктерге механикалық зақым келді. Сараптама тағайындалды.

Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде болған адамның көлік құралын басқаруы).

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...