Жексенбі, Мамыр 19, 2024
10.2 C
Kokshetau
18 C
Nur-Sultan
22 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетауКөкшетауда «Кітап-Аmanat» кітап орталығы ашылды

Көкшетауда «Кітап-Аmanat» кітап орталығы ашылды

Көкшетаулық зиялы қауым, ақын, жазушылар мен фракция мүшелері «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалында «Кітап-Амаnat»  орталығын  ашты.

Қоғам қайраткері, жазушы- драматург Жабал Ерғалиев орталықтың ашылу салтанатында білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады дей келе, рухани байлық кітапты, білімді қалқан еткендер ғана рухани мықты болатындығын  айтып, партияның бұл бастамасына оң бағасын беріп, кітаптарын сыйлады.

Игілікті шараға арнайы келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Наталья Дементьева әбден күйреуге түскен кітап оқу мен кітап тарату ісінің қайта қолға алынып, бұл іске партия бастамашыл болғандығына өз қуанышын жеткізді.

Партия ардагері, жазушы-аудармашы Ғосман Төлеғұл «Президент халық арасында кітап оқу мәдениетін дамытудың маңыздылығын үнемі айтып келеді. Мемлекет басшысы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен біліміне, ұлттық мүддеге сай келетін кітаптар басып шығаруға ерекше назар аударды»,- деп атап өтіп, аталған жобаның өміршең болуына тілектестік білдіріп, жуырда жарық көрген бірнеше кітабын орталыққа тарту етсе, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің жас талантты ақындары өз өлеңдерін оқыды.

Жалпы, бүгінгі таңда  партияның облыстық филиалы жанындағы «Кітап -AMANAT» орталығында 400-ден астам кітап қойылған. Бағалары қымбат емес. Мұнда тек қазақ тілінде жарық көрген жаңа кітаптар ғана сатылмайды, сондай-ақ қазақстандық жазушылардың, авторлардың, баспагерлердің қатысуымен жаңа кітаптардың тұсаукесері мен талқылаулары және тағы басқа іс-шаралар өтеді.

Ақмола облысы бойынша Көкшетау қаласында ашылған кітап орталығы жуық арада Бурабай, Ерейментау және Целиноград аудандарында да ашылмақ.

Бұл жоба Қазақстандағы қазіргі заман авторларының шығармаларын ғана емес, жалпы отандық әдебиетімізді ілгерілетуге бағытталған.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...