Жексенбі, Мамыр 19, 2024
12.8 C
Kokshetau
14 C
Nur-Sultan
14 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерАтбасарӨз үйім - өлең төсегім!

Өз үйім – өлең төсегім!

«Nur Otan» партиясы Атбасар аумақтық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Рахимов Атбасар қаласының тұрғындарына партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Онда негізінен, құрылыс пен қолжетімді баспана жайлы кеңірек мәлімет берді. Отбасы институтын нығайта отырып, өмір сапасын жақсарту үшін баспана алу мүмкіндігін қарастыру қажеттігін айтып берді.

«Өз үйім – өлең төсегім» деп текке айтылмаса керек. Баспанасы бар адамның беркесі бар. Сондықтан да шаңырақ көтерген әрбір отбасы тұрғын үй алудың жолын қарастырады. Бұл тұрғыда мемлекет тарапынан көрсетілетін мүмкіндіктер аз емес. Мәселен, Атбасар ауданы бойынша 994 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Оның ішінде 25-і көпбалалы отбасы. Атбасар қаласында екі 45 пәтерлік үй көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған  отбасыларға берілді.

Аудандағы тұрғын үй мәселесін шешу үшін «Nur Otan» партиясы көппәтерлі үйлердің құрылысын салуды  мақсат етіп отыр:

– Аумағы 32 мың шаршы метрді құрайтын бес 100 пәтерлік үйді салуды көздейді. Осылайша, 500 отбасыны баспанамен қамтуға болады;

– Жыл сайын 4 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру;

– Жоғарыда айтылған көппәтерлі үйлерге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізу;

     – Жиырма төрт 45 пәтерлік үйлерді (жалдамалы – 18, несиелік – 6) салу;

     – Атбасар қаласында екі 45 пәтерлік көпқабатты үйдің жобалық сметалық    құжаты дайындалып жатыр.

– 69 жеке үй салу үшін де құрылыс жоспарланған;

– Атбасар қаласындағы қан орталығының бұрынғы ғиамаратын қайта жөндеуден өткізіп, медицина қызметкерлері үшін баспана ретінде беру.

Н.Рахимов Атбасар қаласының тұрғыны, еңбек ардагері Ампилова Антонина Васильевнаның үйіне де барып, партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі міндеттері жайлы айтып берді. А.Ампилова 38 жыл медицина саласында еңбек етті. Оның 35 жылын жедел медициналық жәрдем көрсету станциясының фельдшері болып тер төкті. Он бір жыл бұрын зейнетке шықты. Нұржан Бектұрғанұлы «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды. Өйткені бұл партия барлық азаматтар үшін ашық! Партия әрбір тұрғынды бағалайды және бірге оң жетістіктерге жететініне сенімді!

«Nur Otan» партиясына дауыс бер! Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

«Nur Otan» партиясы Сайлау қорының Ақмола облысы Атбасар ауданының қаражатынан төленді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...