-16.5 C
Kokshetau
-16.5 C
Kokshetau
Дүйсенбі
Қаңтар, 30

Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды

Айдарлар:

Ақмола облысы әкімінің 2022 жылғы 28 қарашадағы өкімімен Ахильбеков Нұрлан Сәлімұлы денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Нұрлан Ахильбеков 1968 жылы Атбасар қаласында дүниеге келген. Білімі бойынша-дәрігер. Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «Педиатрия» мамандығы бойынша, «Қазтұтынуодағы» Қарағанды экономикалық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша, «КАЗГЮУ Университеті» АҚ және Словакия Республикасындағы «Danubius» университетін «Қоғамдық денсаулық сақтау» бағыты бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы Арқалық қаласындағы Торғай облыстық ауруханасында дәрігер-реаниматолог болып бастаған. 1996 жылдан 2002 жылға дейін «Перзентхана» ММ, Арқалық қ. және «Облыстық перинаталдық орталық» МКҚК, Көкшетау қ. дәрігер-анестезиолог болып жұмыс істеді. 2002 жылдан бастап әртүрлі лауазымдарда, соның ішінде Петропавл қаласының денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарында жұмыс істеді.

2011-2013 жылдары Астана қаласындағы «Республикалық шұғыл медициналық көмек ғылыми орталығы» АҚ ЖМК басқарды. 2013 жылғы шілдеден 2017 жылғы шілдеге дейін «Республикалық санитарлық авиация орталығы» ШЖҚ РМК директоры және директордың орынбасары, Астана қ.

2017-2020 жылдары «Ақмола облысы бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалының директоры болды.

2020-2021 жылдары – «ҚР ДСМ» шұғыл медицинаның ұлттық үйлестіру орталығы » ШЖҚ РМК басқарма төрағасы.

2022 жылдың сәуір-қараша айлары аралығында-Степногорск қаласындағы «Viamedis» ЖШС филиалының директоры.

Соңғы мақалалар

- Advertisement - spot_imgspot_img

Тақырып бойынша мақалалар

Өзге де мақалалар