spot_img
spot_img
14 C
Kokshetau
ЖаңалықтарОқиғаАдам және заңАқмола облысында 2 мыңнан астам мас жүргізуші жауапқа тартылды

Ақмола облысында 2 мыңнан астам мас жүргізуші жауапқа тартылды

-Жарнама -spot_img

Мас күйінде көлік жүргізу ауыр зардаптары бар ЖКО себептерінің қайғылы рейтингінде бірінші орындардың бірін алады.

Алкогольдің аз дозасы да жүргізушінің назарына теріс әсер етеді: көру өткірлігі мен түстерді ажырату қабілеті төмендейді, реакция жылдамдығы мен қозғалыс координациясы нашарлайды. Мас күйінде көлік жүргізу тек көлік иесінің өзі үшін ғана емес, айналасындағылар үшін де қауіпті. Көлік құралдарын мас күйінде басқару фактілерін анықтау және жолын кесу полицейлердің ерекше бақылауында.

Жыл басынан бері 2014 жүргізуші ҚР ӘҚБтК 608-бабы (көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық мас күйінде жүргізуші басқарады)бойынша жауапқа тартылды.

«Біз облыс тұрғындарын саналы болуын және мас күйінде көлік жүргізбеуін ұсынамыз. Алкогольдің аз дозасы да өлімге және орны толмас қайғылы салдарға әкелуі мүмкін. Автокөлікті мас күйінде жүргізудің куәгері болғандар бұл туралы «102»пультіне хабарлауы керек. Жолдардағы апаттылықты тек бірлесе азайтуға болады», – деп атап өтті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Аслан Алпысбайұлы Қызбикенов.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img