spot_img
- Жарнама -spot_img
27.9 C
Kokshetau
ЖаңалықтарОқиғаАқмола облысында етке қақалған адам көз жұмды

Ақмола облысында етке қақалған адам көз жұмды

-Жарнама -spot_img

Ақмола облысында ер адам тамақтану кезінде жазатайым оқиға салдарынан қайтыс болды. Полиция тексеру жүргізуде

Сандықтау АПБ полиция бөлімінің тергеушілері 55 жастағы ер адамның кенеттен қайтыс болу жағдайларын анықтауда.

Ағымдағы жылдың 22 наурызында Сандықтау аудандық полиция бөліміне аудан ауылдарының бірінде Астана қаласының тұрғынының қайғылы жағдайда қаза тапқаны туралы учаскелік полиция инспекторының хабарламасы келіп түсті.

Бірге болған адамдардың айтуынша, ер адам ет жеу кезінде тұншығып қалған. Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адамның өлімі тыныс алу жолдарында тұрып қалған тағамға байланысты механикалық асфиксия нәтижесінде пайда болған.

Ер адам елді мекенде қонақта болғаны белгілі болды. Астаналықтың қаза болуының нақты себептері сот-медициналық зерттеу барысында анықталатын болады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img