spot_img
spot_img
8.2 C
Kokshetau
ЖаңалықтарЖемқорлықАқмола облысында кәсіпкерлерге объектілерді салуға рұқсат беруден негізсіз бас тартылды

Ақмола облысында кәсіпкерлерге объектілерді салуға рұқсат беруден негізсіз бас тартылды

-Жарнама -spot_img

Бизнес құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік мобильдік топқа жергілікті атқарушы орган тарапынан әкімшілік кедергілерге тап болған Көкшетау қаласының жеке кәсіпкерлері жүгінді.

Белгілі болғандай, кәсіпкерлердің бірі сауда-кеңсе ғимаратын салуды, ал екіншісі дәмхананы көпфункционалды кешенге айналдыруды жоспарлаған. Өз объектілерін салуға және қайта құруға сәулет-жоспарлау тапсырмаларын алу бойынша мемлекеттік қызмет алу үшін олар қалалық Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөліміне бірнеше рет жүгінген.

Алайда, шенеуніктер бекітілген Бас жоспарға және егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес келмейтініне сілтеме жасай отырып, жоспарланған құрылыстарды салуға рұқсат беруден бас тартқан.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Мемлекеттік қызмет істері департаментімен бірлесіп, проблемалық мәселені зерделеу барысында Құрылыс салуды ұйымдастыру қағидаларына сай мұндай сәйкессіздік СЖТ беруден бас тартуға негіз бола алмайтынын анықтады. Көкшетау қаласы әкімдігінің атына кәсіпкерлердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру туралы әкімшілік актілер шығарылды. Нәтижесінде мемлекеттік орган екі ЖК-ге қажетті рұқсат құжаттарын берді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img