spot_img
spot_img
14 C
Kokshetau
ЖаңалықтарЖемқорлықАқмола облысында сотталушы түрме қызметкеріне 600 000 теңге көлемінде пара ұсынған

Ақмола облысында сотталушы түрме қызметкеріне 600 000 теңге көлемінде пара ұсынған

-Жарнама -spot_img

Сыбайлас жемқорлық әлемде зұлымдық ретінде өзінің жаһандық ауқымын ХХ ғасырдың аяғында тапты. Осы кезден бастап әртүрлі халықаралық ұйымдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы түрлі бағдарламалар құра бастады.

Қазақстан Республикасы ТМД-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қабылдаған алғашқы мемлекет.

Жыл сайын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстар қатаңдатылуды, оның ішінде Қылмыстық кодекстің 367-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық үшін-де, яғни «пара беру».

Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген, не оған теңестірілген немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамға не лауазымды адамға, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамына жеке өзі немесе делдал арқылы пара беру – заңмен жазаланады.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде Ақмола облысында ҚК-нің 367-бабы бойынша 12 сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген.

2021 жылдың ұқсас кезеңінде мұндай қылмыстардың 7-і дерегі тіркелген.

Үстіміздегі жылдың қаңтар айында Ақмола облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жазасын өтеп жатқан «Н» есімді сотталғанды әшкереледі, ол түзеу колониясының қызметкеріне мекемеге телефондар алып келгені үшін 600 000 теңге көлемінде пара ұсынған.

Бұл факт туралы колония қызметкері құзыретті органдарға дер кезінде хабарлап, нәтижесінде бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны кінәлі адам ұсталды.

Қазіргі уақытта пара берушіге қатысты іс тергелуде.

Құрметті Ақмола облысының азаматтары, сіздерден адамның өзі пара беруге мәжбүр болатын жағдай жасамауыңызды сұраймыз, ол үшін бас бостандығынан айыру және басқа да жаза түрлері көзделген.

Мұндай мән-жайлар туындаған жағдайда қылмыстық қудалау органдарына хабарлауды және сол немесе өзге адамның заңсыз әрекеттеріне бармауды сұраймыз.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img