spot_img
spot_img
14 C
Kokshetau
ЖаңалықтарОқиғаАдам және заңАқмола полицейлері кезекті заңсыз өткелді тапты

Ақмола полицейлері кезекті заңсыз өткелді тапты

-Жарнама -spot_img

Ақмола полицейлері заңсыз алтын іздеушілердің қызметінің алдын алу және жолын кесу, шахталарға заңсыз кіру орындарын анықтау бойынша іс-шаралар кешенін жүргізуде.

Ағымдағы жылдың 5 ақпанында Степногорск қаласының полиция қызметкерлері Ақсу кентінің аумағында жедел-алдын алу іс–шараларын жүргізу барысында заңсыз өткелді анықтады. Диаметрі 1,5 м және тереңдігі 8-10 м өткелі жұмыс істемейтін шахтаның төменгі көкжиектеріне алып келді. Полиция қызметкерлері мен «Алтыналмас АК» АҚ қызметкерлерінің бірлескен күшімен заңсыз өткелдің көзі жойылды.

Тәртіп сақшылары жұмыс істемейтін шахталарға түсу өмірге қауіп төндіретінін еске салады. 2022 жылы қорғалатын объектілерге заңсыз кіргені үшін ҚР ӘҚБтК 506–бабы бойынша 1060 адам жауапқа тартылса, биылғы жылдың басынан бастап-17-і тартылды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img