Сенбі, Сәуір 27, 2024
6.8 C
Kokshetau
3 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамТұлғаАқмола полицейлері ІІО ардагері Татьяна Кривошееваны төл мерекесімен құттықтады

Ақмола полицейлері ІІО ардагері Татьяна Кривошееваны төл мерекесімен құттықтады

Ағымдағы жылғы 22 маусымда Қазақстан полициясының 30 жылдығы қарсаңында полиция департаментінің бастығы Думан Таев, бастықтың орынбасары Б.Е.Ералин, ардагерлер кеңесінің және Ұлттық Ұланның төрағасы Д.А.Нұрғалиев құрметті ардагер Татьяна Михайловна Кривошееваға барып қайтты.

Отставкадағы милиция полковнигі Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары құрылуының бастауында тұрған адамдардың бірі болды. Татьяна Михайловна ІІО қызметіне 29 жылдан астам уақытын арнады. Ұзақ жылдар бойы тергеу бөлімшелерін басқарып, полиция қызметкерлерінің бірнеше буынын тәрбиеледі. Бір қарағанда, нәзік әйелдің есебінде жүздеген ашылған қылмыстық істер бар.

Ішкі істер органдарындағы қызметі кезінде Татьяна Михайловна көптеген наградалармен, соның ішінде «ІІМ еңбек сіңірген қызметкері», «Милиция үздігі» төсбелгілерімен, «ҚССР ІІМ үздік тергеушісі» атағымен марапатталды. 2010 жылы «ІІМ Құрметті ардагері» медалімен марапатталды.

Ақмоланың бас полицейі Татьяна Михайловнаға гүл шоқтары мен «Қазақстан полициясына 30 жыл» төсбелгісін табыс етті.

«Сіз қоғамдық тәртіпті сақтауға баға жетпес үлес қостыңыз, ерлермен қатар заңның қорғауында болдыңыз. Көп жылғы еңбегіңіз, қызмет мүдделеріне адалдығыңыз және адамгершілік қағидаттарына беріктігіңіз үшін Сізге алғыс айтамын», – деп атап өтті полиция генерал-майоры Д.Ә. Таев.

Тәртіп сақшылары құрметті ардагерге мықты денсаулық, бақыт пен ұзақ ғұмыр тіледі.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...