Бейсенбі, Мамыр 2, 2024
6.2 C
Kokshetau
10 C
Nur-Sultan
10 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамИнтернационалдық  борыштарын өтеген жауынгерлерге тағзым етілді!

Интернационалдық  борыштарын өтеген жауынгерлерге тағзым етілді!

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық даму орталығы»  КММ ұйымдастыруымен «Достар» мәдениет үйінде Ауған соғысы аяқталуының 35 жылдығына орай «Ауған ақиқаты» тақырыбында іс-шара өтті.

Игі шараның мақсаты –  жастарды отансүйгіштіккке тәрбиелеу, өскелең ұрпақтың Отанға деген құрмет-сезімдерін арттыру, еліне деген сүйіспеншілігін ояту.

Алқалы жиынға Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Алин, Ауған соғысының ардагерлері, ҚБ және зиялы қауым өкілдері, «Қоғамдық даму орталығы» КММ қызметкерлері, колледж студенттері мен мектеп оқушылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында Ақмола облысы  тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері мектеп оқушылары мен және колледж студенттері үшін  «Уақыт бізді тандады» атты көшпелі көрме ұйымдастырды.

Экскурсия барысында Ауған соғысына қатысқан жауынгерлердің фотосуреттері,олардың әскери жабдықтары және тұрмыстық заттары көрсетіліп,олар туралы ақпарат берілді.

Тағылымды шараны Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы       Алмас Алин құттықтау сөзімен бастап, Ауған соғысының Ардагерлеріне алғысын білдірді. Сонымен қатар, «Ақмола облысындағы Ауған соғысы ардагерлері одағы» ҚБ төрағасы, ҚР Қорғаныс Министрлігі Жоғары техникалық мектебінің директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Дуанбай Кәзібайұлы  Ыбрай, Көкшетау қалалық ардагерлер Кеңесінің төрағасы,қоғам қайраткері, еңбек ардагері, Көкшетау қаласы және Зеренді ауданының құрметті азаматы  Шияп Әлиев, еңбек ардагері және коғам қайраткері Мейрамбек Қиықов, Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейдің тарих пәнінің мұғалімі, тарих және әлеуметтік дінтану ғылымдары магистрі, зерттеуші-ұстаз Арман Абилкадыров Ауған соғысына шолу жасап, жастарға тәлімді баяндама жасады.

ҚР журналистер одағының мүшесі, публицист, Ауған тақырыбына арналған бірқатар кітаптардың авторы,  «Ауған  қозғалысына қосқан  үлесі  үшін» медалінің  иегері, Көкшетау қ.  қоғамдық Кеңесінің мүшесі, «ҚР  білім беру ісінің үздігі», ардагер ұстаз  Әлия Ахетова Ауған соғысы кезіндегі отты жылдар туралы жазған «На той войне незнаменитой» атты кітабынан үзінділер оқып, ардагерлердің ерліктері туралы баянды. Айта кетсек,  ақпанның 15-ші жұлдызында автордың «На той войне незнаменитой» кітабының III томы жарыққа шығады.

Сондай-ақ, сұрапыл соғысқа қатысып,талай сарбаздардың өмірін құтқарған абзал жан, бүгінде Көкшетау қаласының «Отбасылық денсаулық орталығының»  медбикесі Гүлнәр Макишева да сөз сөйлеп, сонау қасіретті жылдарды еске алды.

Шара барысында Ауған соғысы Ардагерлеріне ән-шашу арналып, кәдесыйлар табысталды.

Ауған соғысының Ардагерлері үшін ұйымдастырылған тағылымды шарадан қатысушы жастар рухани әсер, біраз мағлұмат алды. Сол жылдар болған оқиғалардың сюжетын көздерімен көріп, өз ойларына түйіндеді.

Біздің айтарымыз, енді бұндай барша адамзатқа қайғы-қасірет әкелетін соғыс болмасын деп тілейміз!

Тәуелсіз еліміз ашық аспан астында өркендеп, халқымыз бейбіт өмір кешсін дейміз.

Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын!

Айгүл Үстембек, «Қоғамдық даму орталығы» КММ Ақпараттық – талдау бөлімінің маманы.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын...

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін кәсіпкерге ғимаратын кеңейту үшін қосымша жер телімі берілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді. Осылайша, кәсіпкер С.  Көкшетау қаласының әкімдігіне...

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...