Сенбі, Мамыр 18, 2024
20.2 C
Kokshetau
16 C
Nur-Sultan
19 C
Almaty
ЖаңалықтарОқиғаАқмола полицейлері Шортанды ауданының із-түзсіз жоғалған тұрғынын іздестіруде

Ақмола полицейлері Шортанды ауданының із-түзсіз жоғалған тұрғынын іздестіруде

Ағымдағы жылдың 7 қазанында Шортанды ауданының полиция бөліміне Шортанды кентінің 42 жастағы тұрғынының жары 1974 жылғы Сағындық Қасанайұлын Бимурзеновтың іздеуге көмек көрсету туралы өтініші келіп түсті. Әйелінің сөзінше, ол 06.10.2021 ж. шамамен сағат 14:00-де үйден көк түсті «Урал» маркалы велосипедпен шығып, қайтып оралмаған.

Белгілері: бойы 184 см, дене бітімі орташа, шашы ақ түскен қара, қысқа, көзі қоңыр, ерекше белгілері жоқ. Үстінде ТЖБ қызметкерінің бүркеніш киім нысаны, аяғында қара түсті берцы. Өзімен бірге «Самсунг а-40» маркалы ұялы телефоны болған.
Іздестіру іс-шараларына Шортанды АПБ қызметкерлері, ТЖБ қызметкерлері мен еріктілер жұмылдырылды.

Полицейлер бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеді, қонақ үйлер, жалға алынған пәтерлер, қараусыз қалған құрылыстар, саяжай массивтері, қоғамдық көлік жүргізушілері және жеке тасымалдаумен айналысатын такси жүргізушілерімен жұмыс жүргізілуде.

Жоғалған адам туралы ақпаратқа ие болғандардың барлығын 102 телефонына хабарлауыңызды сұраймыз.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...