Сенбі, Сәуір 27, 2024
7.3 C
Kokshetau
5 C
Nur-Sultan
5 C
Almaty
ЖаңалықтарМаңызды«Nur Otan»: ақпараттық ағымның шекарасын кеңейтуде

«Nur Otan»: ақпараттық ағымның шекарасын кеңейтуде

Ауылдық жерлерде науқанды жүргізу ол үгіт-насихат жұмыстарын коммуникацияларды әкімшілік ресурстармен ретке келтірумен ұштастыруды көздейді. Кандидаттың сайлаушылармен жеке кездесуі және штаб қызметкерлерінің мақсатты топтармен жеке жұмыстары үлкен нәтиже береді. «Nur Otan» партиясы үгіт жоспарының бағдарламаларын іске асыру барысында ауылдық округ тұрғындарын сайлауалды бағдарламасымен ақпараттандыруға аса мән береді.

2020 жылдын 14 желтоқсанында ZOOM онлайн-платформасында Бурабай аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Дамир Шоқанұлы Сұрағановтың үгіт кездесуіне Атамекен ауылды округінің Атамекен, Қаражар және Жаңажол ауылдары тұрғындарының өкілдері жиналды. Кездесу барысында кандидат еркін диалог түрінде барлық қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

«Отандық білім беру жүйесінің үздік дәстүрлерін сақтай отырып, біз бір орында тұрмауымыз керек. Білім беру жүйесі ізденісте болуы, үнемі дамуы тиіс. Сондықтан басты үміт жаңа және прогрессивті,ашық ұрпақты тәрбиелеуге қабілетті мұғалімдерге жүктеледі» – деген Д.Ш. Сұраганов Президенттің сөздерін ерекше  атап өтті.

Дамир Шоқанұлы Щучинск қаласының №7 мектеп-лицейінің директоры болып табылады. Қала мен ауылдағы балалар арасындағы білім беру деңгейіндегі айырмашылықтарды жоюды маңызды міндет деп санайды. Оның айтуынша, білім беру стандарттары бірыңғай болуы тиіс.

Тұрғындар ауылдық жерлердегі білім беруге қатысты өзекті сұрақтарды койып, ал  кандидат оларға толық жауап берді.

Кездесудің қашықтық форматына қарамастан, ауыл тұрғындары өз ісіне деген патриотизмге толы «Nur Otan» партиясы мен кандидаттың белсенді және жемісті жұмысын сезіне алды. Тұрғындар партияға берілген әрбір дауыс – көптеген әлеуметтік мәселелерді шешу жолындағы дұрыс қадам екеніне сенімді.  

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Бурабай ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...