Жұма, Сәуір 26, 2024
10.2 C
Kokshetau
7 C
Nur-Sultan
7 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерБіржан сал«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!»

«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!»

«Nur Otan» партиясы атынан Біржан сал аудандық мәслихатына депутаттықа үміткер Нұрлан Елесбайұлы Махамбетов «Қазақтелеком» АҚ еңбек ұжымымен үгіт-насихат кездесуді өткізді.

Кездесу барысында Нұрлан Елесбайұлы жұмысшылардың сұрақтарына жауап беріп, «Nur Otan» партия ұйымының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары туралы айтып, оның маңызды сәттеріне назар аударды. Сондай-ақ, партия өкілі қатысушыларға үгіт материалдарын таратты.

Нұрлан Махамбетов – аудандық телекоммуникация орталығының басшысы, телекоммуникация саласында 22 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында ауданда телекоммуникация саласын дамыту бойынша көптеген жобаларды жүзеге асырды.

«Үш баланың әкесі ретінде мен балаларымыздың болашағына қатты алаңдаймын. Мен үшін кез-келген өзгерістер бейбіт, эволюциялық жолмен жүруі өте маңызды. Мен Қазақстанның барлық азаматтарының өздерін біздің елде жақсы және жайлы сезінгендерін қалаймын. Біз абыроймен, қауіпсіз өмір сүру, болашаққа сенімді болу және өз Отанымызды мақтан етуді қалаймыз. Барша сайлаушыларды алдағы сайлауда «Nur Otan» үшін дауыс беруге шақырамын», – деді Нұрлан Елесбайұлы.

Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы – қолға алған реформалардың заңды жалғасы. Жаңа бағдарлама – аса ауқымды, бірақ нақты жоспарланған, қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген мақсаттар мен бағдарлар жиынтығы.

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Біржан сал ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...