Четверг, 19 сентября, 2024
ЖаңалықтарМаңыздыПрезидент цифрландыру, ақпараттық қауіпсіздікті дамыту мәселелері бойынша өзгеріс енгізу туралы Заңға қол...

Президент цифрландыру, ақпараттық қауіпсіздікті дамыту мәселелері бойынша өзгеріс енгізу туралы Заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлай ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Айта кетейік, бұған дейін — маусымның соңына таман Сенат осы құжатты қабылдағанын жазған болатынбыз. Заң мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау, электронды құжаттарды қолдану аясын кеңейту және деректерді басқару жүйесін институционализациялау мақсатында әзірленген.

Одан әрі цифрландыру және реинжиниринг арқылы мемлекеттік басқаруды жетілдіруге, сондай-ақ цифрлық құжаттар сервисін қолдану аясын кеңейтуге, электронды құжаттардың олардың қағаздағы ұқсастықтарымен тең дәрежелелігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мәліметіне қарағанда, азаматтық хал актілерін (тууы, неке және т.б.) мемлекеттік тіркеу саласында куәліктерді электронды форматқа көшіру бөлігінде бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Мәселен, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, анықтама қағаз нұсқада, сондай-ақ электронды цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылатын электрондық нысанда берілетін болады.

«Байланыс туралы» Заң аясында байланыс операторы Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсатта көрсетілген елді мекендер мен аумақтарды көрсетілетін байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді орындамағаны, сондай-ақ радиожиілік спектрін бір жыл ішінде пайдаланбағаны үшін әкімшілік жауаптылық енгізіледі.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Қашықтықтан бақылау нәтижесінде 363 қызмет алушының құқықтары сақталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Е-лицензиялау» жүйесінде қашықтықтан жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша 363 қызмет алушылардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етті. Осылайша, бұған...

Ақмола облысында 119 мемлекеттік қызметші үстеме жұмысқа тартылған

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарлары, аппарат басшылары және әдеп жөніндегі уәкілдер үшін семинар ұйымдастырып, онда 2024...

Ақмола облысында өңірлік кадр резерві жасақталды

Ақмола облысы кадр комиссиясының шешімімен өңірлік кадр резервіне 25 адам іріктелді. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет...

«Өнерлі шаңырақ» облыстық байқауының жеңімпазы анықталды

Байқауға Ақмола облысының 13 өнерлі отбасылары қатысты. Гран-при иегерлері Қосшы қаласының Жайбусиновтар отбасы Нұрғиса Тілендиевтің “Ата толғау” күйін домбыра, бас домбыра, сырнай, сылдырмақ, шаңқобыз...

Степногорск қаласының прокуратурасы 40 млн теңгені жымқыру фактісін анықтады

Қала прокуратурасы мемлекеттік мекеме бухгалтерінің қаражатты ұрлау фактісін анықтады. Бухгалтер екі жыл бойы депозиттік шоттың ақшалай қаражатын мақсатсыз жұмсаған және мемлекеттік сатып алудың қатысушы болып...