spot_img
spot_img
10.2 C
Kokshetau
ЖаңалықтарОқиғаАқмола облысында жоғалды деген жылқылар өлі күйінде табылды

Ақмола облысында жоғалды деген жылқылар өлі күйінде табылды

-Жарнама -spot_img

Ағымдағы жылдың 19 қарашасында Ерейментау ауданының полиция бөліміне Ерейментау қаласының 54 жастағы тұрғыны хабарласып, қара және қара торы түсті екі жылқысының еркін жайылымнан жоғалған айтты.

Келтірілген залал сомасы 900 мың теңгені құрады. Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 188-1-бабы 1-бөлігі «мал ұрлығы» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Мал иесі жоғалған жылқыларын басапқыда жылқыларын өзі іздеп көрген. Кейін одан нәтиже болмаған соң полициядан көмек сұраған.

Ерейментау аудандық ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жақын маңдағы елді мекендерді, қыстақтарды, шалғай учаскелерді, орман алқаптарын аралап шықты. Нәтижесінде Қоржынкөл көлінің маңында жоғалған жылқылардың өлекселері табылды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img